Алимент дегеніміз не
- Толығырақ
- Жарияланды 20.11.2019 10:25
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 3911
15.11.2019ж
Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің бесінші бөлімімен реттеледі.
Алимент дегеніміз - ол бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат.
Атап айтқанда қаражат кәмелетке толмаған балаларға, қамқорлықсыз қалған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға, еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға және ерлі-зайыптыларға, жүктілігі кезеңінде және бала туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбына қамтамасыз етілу үшін арналған.
Ата-аналардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, алимент сот тәртібімен өндіріп алынады, ол өз кезегінде сот орындаушының мойына түседі.
Алиментті өндіру, оның ішінде балаларға арналғаны, халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қозғайды және әлеуметтік маңызы бар істердің бірі болып табылады.
Статистикалық мәліметіне сүйенсек ағымдағы жылдың 9 айындағы есептік кезеңнің аяғындағы атқару құжаттарының қалдығы 16 мыңнан астамды құрады. Оның ішінде 1 мың 161 құжат 848 млн. теңге қарыз мөлшерімен пробемалық алиментке жатады. Себебі, 813 борышкер 594 млн. тенгеге қарызын мүлдем өтемейді, 348 борышкердің 254 млн. тенгеге қарызы үш айдан астам, олардың қарыздары ішінара төленеді.
Осы санаттағы проблемалық атқарушылық құжаттардың едәуір саны борышкерлердің өндіріп алуға болатын ресми табысы мен тіркелген мүлкінің болмауына байланысты. Мемлекеттік органдарының тиісті емес өзара іс-қимылға байланысты іздестіру борышкерлерді анықтау, көлік құралдарын ұстау және сот қолданылуын тоқтатқан жүргізуші куәліктерін алып қою бойынша шаралар қабылданбауы. Алимент төлеуден қасақана жалтырып жүрген адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу тиісті деңгейде жүргізілмеуі. Сот орындаушыларына сот орындаушысына келуден жалтарған адамдарды алып келу бойынша, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, сондай-ақ борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін жәрдем көресетілмеуі.
Проблемалық алименттердің санын төмендету мақсатында ағымдағы жылдың 18 қазанда Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өткен жиналысында Алматы облысының Әділет Департаментімен бірге «Әкесінің балаға қамқорлығы – Забота отца о ребенке» атты акциясы жарияланды.
Акция аясында жұмыс жоспары бекітіліп бірқатар іс-шаралар «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес жоспарланды.
Жұмыс жоспарын орындау барысында «Nur Otan» партиясымен, қоғамдық кеңестің мүшелерімен, мемлекеттік органдарының өкілдерімен және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Проблемалық алименттердің саның төмендету жолы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізу, алиментке қатысты проблемалық мәселелерді талқылау және олардың оң шешімін табу қарастырылған.
Сонымен қоса халықты жұмыспен қамту орталығының қатысуымен жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрменкесі әр ауданда өткізіледі. Полиция органдарының қатысуымен іздестіруде жүрген борышекерлерді табу және тиым салынған автокөліктерді ұстау рейттері жүргізіледі.
Сондай-ақ борышкерлермен атқарушылық құжатты уақытылы орындамағаны үшін сот арқылы мүліктерінен өндіріп алу, әкімшілік және қылмыстық іске тарту, іздестіру жариялау ұсынулары уәкілетті органдарға және сотқа жолданады.
Қатыгез борышкерлерді заңға сәйкес әкімшілік және қылмыстық іске тарту кезінде қалыптасқан нәтижелі тәжірибе үлгі ретінде аудандық полицияларда және сотта қолданылады.
Адамдар көп жиналатын жерлерде жарияланған акция аясында ата-ананың баласына деген жауапкершілік сезімін ояту мақсатында билборттар және алиментті өндіруге байланысты заң нормаларына түсіндірмелік стендтер орналастырылады. Сонымен қатар ата-аналарға алиментті өндіру мәселесі бойынша кеңестер алу, балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізу ұсынылады.
Алматы облысы жеке сот орындаушыларының
Өнірілік палатасы басшысының орынбасары
Байкулов Мухтар Көлбайұлы