Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында ХҚО» бар
- Толығырақ
- Жарияланды 27.11.2019 10:10
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1271
27.11.2019ж
Мобильді азаматтар базасына тіркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлері арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервисті ХҚО-ға бармай-ақ ала алады.
Ұялы телефон көмегімен бірқатар мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі жөнінде бүгін Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып берді.
Бүгінде 1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегімен азаматтар көбіне соттылықтың болу/болмауы, псих-нарко диспансерлердің есебінде болмау, жылжымайтын мүліктің болу/болмауы сияқты қызметтермен, сондай-ақ ХҚО кезегін брондау, айыппұлдардың барын тексеру тәрізді сервистерді жиі пайдаланған.
Электронды үкімет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгінде 28 қызмет қолжетімді. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәліметтерімен сәйкестендіріп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкіндік беріп отыр. 1,5 айдың ішінде ғана оны қазақстандықтар 205 мың рет жүктеп алған.
«Халық ыңғайлығы үшін сұранысқа ие анықтамаларды смартфон арқылы жылдам әрі оңай алу мүмкіндігін жасадық. Кейбір анықтамаларды не бәрі 1 минуттың ішінде алуға болады. Есесіне қаншама уақыт, қаржы үнемделеді. Адамдар ХҚО-ға ұмтылмай, қалтасындағы ұялы телефонның бар мүмкіндігін пайдалануы тиіс», – дейді басқарма төрайымы.
Тұрғындар арасында «Қалтадағы ХҚО» қызметін пайдаланушылар санын арттыру үшін әр ХҚО-да мобильді тіркеу секторлары ашылған. Онда мамандар азаматты базада тіркеп, бірден қосымша мен телеграм, фэйсбук және вконтакте әлеуметтік желілеріндегі боттар арқылы қызметтерді алу жолдарын көрсетеді.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметі