Алимент төле-міндетің

10.12.2019ж

Алимент төлемдерін өндіріп алу істері әлеуметтік аса маңызы бар істердің бірі болып табылады.

 

Статистиқалық көрсеткіштерге сүйенсек Алматы облысында ағымдағы жылдың 10 айында алимент төлемдерін өндіру туралы 20 мың атқару құжаты орындауда болған, оның 3 мыңы өндіріп алушымен борышкердің арасында келісімге келуіне байланысты өндіріп алушыларға қайтарылған, 16 мыңнан астам алимент өндіру құжаттары орындалуда. Өкінішке орай оның ішінде бір 1 мыңға жуық істер бойынша борышкерлердің қарыздары 800 млн. тенге көлемінде құрайды, себебі айтылған борышкерлер мүлдем төлемейді немес төлем уақытын созады.

- «Әділет органдарымен атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ететін орган ретінде, Әкімдікпен жергілікті мемелекеттік басқару орган ретінде және жеке сот орындаушыларының палатасымен жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметін ұйымдастыру ұйым ретінде, ағымдағы жылдың 19 қарашасында Алименттерді өндіріп алу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды»,-деп Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Байқұлов Мұхтар мәлімдеді.

Меморандумның мақсаты - мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ынтымақтастық жөніндегі бағыттарды, олардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтау және алименттерді өндіріп алуды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру, проблемалық алименттер санын төмендету болып табылады.

Борышкерлер тізіміне енген азаматтардың мүліктеріне тиым салынады, жылжыйтын мүліктері ұсталынып сатуға шығарылады, шетелге шығуға шектеу қойылады, жүргізуші куәліктерінің қолданысы тоқтатылып, әкімшілік және қылмыстық істер қозғалады.

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында жұмыссыз жүрген алимент бойынша борышкерлерге барлық Алматы облысының аудандарында жұмыспен қамту орталықтарында бос жұмыс орындары жәрменкесі ұйымдастырылып өткізілді.  Нәтижесінде  жәрмеңкеге қатысқан  128 борышкердің 7-і жұмысқа орналасса, 3-і кәсіптік оқытуға жіберілді. Ал, 118 борышкерге - жұмысқа орналасу туралы кеңес берілген.   

Тағыда 211 алимент бойынша борышкер әкімшілік іске тартылған, оның ішінде 178-і  1 күннен 5 күнге дейін - қамауға алынған. 4 борышкер қылмыстық іске тартылып 1 жылға дейін бас бостандықтарына шектеу қойылды. 188 борышкердің куәліктерінің қолданысы тоқтатылып, 266 борышкерге іздеу жарияланды. Мемлекеттен шығуға 3,5 мың борышкерлерге шектеу қойылса, 427 борышкердің мүлкілеріне тиым салынып, 21 борышкердің мүлкі бағаланып сатылған.

Күнтізбе

« Маусым 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4285973