Ана бақыты-әлем бақыты

12.12.2019жыл

Жамбыл ауданының тәртіп сақшылары, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарысен кездесу ұйымдастырылды.

 

 Іс-шараның мақсаты әйелдер мен балаларға қатысты зорлықзомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту.

 Іс-шара барысында Ұзынағаш ауылының Абай Құнанбаев мен Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектептерінің 8- сынып оқушыларынан құралған «Полицияның жас көмекшілері» отбасылық құндылықтар туралы арнайы әзірленген көрініс қойып, бақыты балалық шақ, бақытты отбасы ұранымен мерекелік көнцертпен жалғастырылды.

         Акцияға аудандық білім бөлімінің өкілдері, мектеп психологтары мен ата-аналар қатысты. Кездесу соңында Жамбыл АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы полиция капитаны Бота Болатқызы Оспанова, әйелдердің құқығын қорғау бойынша аудан аумағында қабылданып жатқан іс-шараларға тоқталып, зорлық-зомбылық құрбаны немесе куәгері болған жағдайда, полиция қызметінің 102 телефон нөміріне уақытылы хабарласу, сондай-ақ ІІО мен Дағдарыс орталығының телефон нөмірі көрсетілген жадынамалар таратылды.

Күнтізбе

« Маусым 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4285901