Талғарда 20 көпбалалы отбасы үйлі болды

30.12.2019ж

Бүгін Талғар қаласында аудан әкімі Жолан Омаров салтанатты түрде ауданның 20 көпбалалы отбасына тұрғын үй кілттерін тапсырды.

 

 Облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен тұрғын үйге мұқтаж, тұрмысы төмен 20 көпбалалы отбасыларына екінші (вторичное) тұрғын үй немесе пәтер сатып алу жұмыстарына ағымдағы жылы – 243,9 млн.теңге қаражат бөлініп, кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын жеке тұлғалардан 20 тұрғын үй сатып алынған болатын.

 Сатып алынған тұрғын үй немесе пәтерлер Талғар ауданында орналасқан (Талғар қаласы, Талдыбұлақ ауылы,  Кеңдала ауылы, Рысқулов ауылы). Жалпы ауданы – 58,1 шаршы метрден 120,0 шаршы метрді құрайды. Сатып алынған - 20 екінші (вторичное) тұрғын үйлердің – 4-і көпқабатты тұрғын үйде орналасқан пәтерлер, 16-сы жер үйлер.

 Тұрғын үйлер мен пәтерлер кілттері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, кезекте тұрған тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға берілді.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4142654