Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

10.01.2020ж

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздегі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді.

Сыбайлас жемқорлық-қазіргі заманғы қоғамның аса бір көкейкесті мәселелерінің бірі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері, дәйекті түрде жемқорлыққа қарсы дұрыс құқықтық жүйе құра білді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу көзделген.
Сыбайлас жемқорлық демократияны және құқықтық тәртіпті әлсіретеді. Бұл адам құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, нарықтық тетіктерді бұрмалайды, адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатады, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және халықаралық қауіпсіздіктің басқа да қатерлеріне ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлықты институционалдық жүйені басқару және қайта құру контексінде қарау қажет. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, меншік құқығын қорғау, баспасөз бостандығы, саясаттағы бәсекелестік, сондай-ақ саясатты да жалпы қоғамда ашықтық маңызды. Тағы бір маңызды фактор азаматтарға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін механизмдер болып табылады.
Марат Илипов,
аудандық ішкі саясат
бөлімінің басшысы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840444