Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер
- Толығырақ
- Жарияланды 24.01.2020 08:28
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1242
24.01.2020ж
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде "Jetisy`Media" ақпараттық алаңында өткізілген баспасөз-мәслихатында ҚР-ның Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер баяндалды.
Сонымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алған заңдағы түзетулерге назар салсақ.
2020 жылдан бастап салық салу объектісі өзгертілді. Егер қазір салық салу объектісі - жердің бағалау құны болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салу объектісі-оңайлатылған декларациядағы табыс болады. Табыстың ставкасы 0,5% құрайды.
Бұл жаңа енгізілім БЖС (Бірыңғай Жер Салығы) қолданатын және микро - немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын салық төлеушілерге үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатуға мүмкіндік береді. Барлық жеңілдіктер сақталады.
Ендігі кезде аталмыш заң шеңберінде Тіркелген салық төлеушілер салық салудың басқа режимдеріне көшуге және тіркелген салық салу объектілерін есептен шығаруға міндетті (Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, біреуден артық ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер, ойын жолы, карталар, бильярд үстелі, уәкілетті ұйымның айырбастау пункті).
Алдағы уақытта ойын бизнесін дөңгелетіп отырғандардан қосымша төлем заң жүзінде алынып тасталынады. 100.00 СЕН (Салық Есептілігінің Нысаны) ұсыну және КТС (Корпоративтік Табыс Салығы) төлеу бойынша міндет енгізіледі.
Сонымен қатар Салық кодексінің 679-бабы бойынша нақтылайтын түзетулер енгізілген. Күнтізбелік жыл ішінде салық салу режимінің өзгеруіне тыйым салу ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге таралған.
Аталған заңада шағын және орта бизнес субъектілеріне ақша қаражатын босатуға мүмкіндік берді, бұл отандық бизнестің дамуына қуатты серпін беретіні анық.
2020-2022 жылдары жергілікті бюджеттердің шығындары барлығы - 381 724 172 мың теңгені құрайды (2020 жылы – 108 122 547 мың теңге, 2021 жылы – 125 220 999 мың теңге, 2022 жылы – 148 380 626 мың теңге).
«2020 жылдан бастап Жеке Табыс Салығы сатып алу құнына онлайн бақылау кассалық машина және үшкомпонентті интеграцияланған жүйе мөлшерінде 60, 0 мың теңге азайту бойынша жеңілдік жойылатын болады, бірақ Жеке Табыс Салығы сомасынан 50%-дан аспауы тиіс» - деді Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Әуелхан Әлішеров.
2020 жылдың 1 қаңтарына дейін корпоративтік табыс салығын төлеу екі Бюджеттік Сыныптама Коды) бойынша төленеді:
101105 "Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы»;
101110 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы".
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық міндеттемесі мен талап қоюдың ескіру мерзімі 3 жылды құрайды!
Салық кодексінің 48-бабының жаңа редакциясына сәйкес салық міндеттемесі мен талап қою мерзімі 3 жыл болады. Талап қою мерзімі салық төлеушілердің келесі санаттары үшін бес жылды құрайды:
1) Салық кодексіне сәйкес салық мониторингіне жататын;
2) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар.
Салық міндеттемесінің және талап қоюдың ескіру мерзімін еске түсіріңіз - бұл уақыт кезеңі:
1) салық органы салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;
2) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсынуға міндетті, салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салықтық есептілікті қайтарып алуға құқылы;
3) салық төлеуші (салық агенті) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіруі деп танылады.