Әлеуметтік көмек әр отбасына көрсетілуде

06.02.2020ж

Әлеуметтік салада, әрине көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға барынша жәрдем көрсетілуде. 5632 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына жалпы 3,2 млрд.теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер берілген. Бұл туралы Ғалымжан Әбдрайымова баяндады.

 

 Өткен жылы мектептерде көп балалы отбасылардан шыққан 2 687 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе (117,4 млн. теңге), 1 596 көп балалы аналар қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүрген,  қалада барлығы 4 066 көп балалы аналар бар, әр жанұяның жағдайы мониторингке алынған.

 

Көп балалы 148 отбасы үйлерін табиғи газ желісіне тегін қосуға мүмкіндік жасалды, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табуда.

Коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін  635 отбасына  16,3 млн. теңге тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Мемлекет тарапынан 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балаларына 11 әлеуметтік қолдау және қызмет шаралары кіретін көмек көрсетілетін болады. Атпа айтсақ,  1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және тағы басқалар бар.

Ол үшін құжат қабылдайтын арнайы үш  жер ашылды. Олар: Еркін, Өтенай округтерінің әкімдері ғимараттарында, жұмыспен қамту орталығында. Бүгінгі таңда 1571 отбасының құжаттары қабылданып, 62,0 млн.теңге тағайындалды.  Айта кету керек, «Niyet Charitabile Foundation» қоғамдық қоры 213 әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларына (1 107 отбасы мүшелері) 17,7 млн. теңгеге 5 695 дана киім-кешек  тапсырды,  жергілікті демеушілер көп балалы 49 отбасына 2,5 тоннадан немесе 122,5 тонна көмір түсіріп берді.   Аз қамтамасыз етілген отбасы үшін көрсетілген көмек мұнымен шектелмек емес, аз қамтылған  97 отбасындағы студент балаларға жалпы 48,9 млн. теңге грант төленді.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1352333