Зайырлы елде заң сөйлесін

14.02.2020ж

Конституциямыздың 1-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсеткеніндей азаматтарымыздың құқықтық мәдениетін жан-жақты жетілдіру арқылы экономикасы дамыған, өркениетті әрі сыбайлас жемқорлық жойылған қоғам құра алатынымыз шындық.

 

        Өткен жылы «Параграф» ақпараттық жүйесі және «Закон.kz» желісімен бірлесіп өткізілген бірыңғай республикалық «Халық заңгері» акциясы 18 000-нан астам азаматтарды қамтыды. 2 500-ден аса мемлекеттік органдардың, сарапшылар мен азаматтық қоғамдардың тиімді ынтымақтастығының нәтижесінде тұрғындар еліміздің білікті заңгерлерінен, fрнайы мониторингтік топ мүшелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тегін құқықтық көмек алғаны белгілі.

                Жуырда аудан әкімі аппаратының заң, мемлекеттік құқық бөлімшесінің басшысы Н.Молбаева мен бөлімшенің бас маманы М.Джалилованың ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының акт залында жоғарыда аталған акция шеңберінде аудандық мәслихат депутаттарының, барлық мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде «Халық заңгері» республикалық акциясы шеңберінде құқықтық кеңес беру шарасы өткізілді. Алғашқы акция барысында жылдар бойы қордаланған әлеуметтік, тұрмыстық мәселелері өз шешімін таппаған тұрғындар жергілікті атқарушы, өкілді, мемлекеттік органдар мен білікті әрі танымал заңгерлердің тараптарынан берілген құқықтық көмектері мен ақыл-кеңестеріне өз ризашылықтарын білдірді. Аталмыш шараға деген азаматтарымыздың пікірі мен көзқарастарының оң екенін олардың ризашылықпен алғыс айтқандарынан анық байқадық  десек  қателеспейміз.                                                 Жүгінген 13 азаматтарымыздың басым бөлігі материалдық, тұрмыстық және баспанаға мұқтаждық сияқты бүкіл қоғамға ортақ әлеуметтік қиындықтарға тап болған жалғызбасты аналар екені белгілі болды, Кейбірі жылдар бойы жұбайларынан алимент ала алмай жүргендігі жайлы айтса, кейбірі жақындарының ішкілікке салынуынан балалардың қараусыз қалғаны, кейбірі балаларына жәрдемақы ала алмай жүргені жайлы ащы шындықтарды жайып салды, Нәтижесінде кейбір уәкілетті органдардың басшылары өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуді дереу өз бақылауына алатына жайлы міндеттемелер алды.

                «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында 2020 жылдың әр айының 8-не дейін     жергілікті атқарушы, өкілді, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен белгілі заңгерлердің қатысуларымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында өткізілетінін және ауданымыздың тұрғындарының өздерін толғандырып жүрген кез-келген құқықтық мәселелер бойынша «Халық заңгері» акциясы шеңберінде тегін құқықтық көмек көрсетілетінін болады. Ол үшін алдын ала аудан әкімдігі аппаратының заң мемлекеттік құқық бөлімшесіне 5-13-88 байланыс телефонына хабарласып, тіркелуіңізге болатынын хабарлаймыз.

Бекмұхамет   БЕКБОЛАТ.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839961