Сыбайлас жемқорлық - қауіпті кесел
- Толығырақ
- Жарияланды 21.02.2020 04:18
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1173
21.02.2020ж
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.
1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот,құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы, тоңмойын шенеуініктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады.
Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.
Көптеген заң бұзушылықтарға, жергілікті атқарушы орган басшылары тарапынан жол берілетіні байқалады. Олар тарапынан өздерінің қарамағындағы қызметкерлерден болмашы жайтқа бола ауыр алым-салымға жүктеу жайттары жиі кездесіп жатады.
Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс.
Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Жалпы, ертеңі үшін елеңдейтін әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.
Ж.Смағұл,
ауданаралық Әділет басқармасының
инспекторы.