Табиғатты қорғау саласында 365 заң бұзушылық анықталған
- Толығырақ
- Жарияланды 26.02.2020 07:13
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1181
26.02.2020ж
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық нормативтік талаптардың сақталуы қоғам үшін аса маңызды.
Сол себепті Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады.
Ел аумағы бойынша экологиялық мәселелер шаш-етектен. Мұндай жағдаяттар Алматы облысында да кездеседі. Мәселен, облыстағы елді мекендеріндегі коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу мәселесі, жерді қашықтықтан зондтау (Геопортал) жүйесі арқылы анықталған заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары бірінші орында тұр. Бұдан бөлек Панфилов уран кен орнының радиоактивті үйінділерін жою мәселесі де басты назарда.
Сонымен қатар, Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінде, Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде және Қапшағай қаласының Заречное ауылында кәріз жүйелері мен тазарту құрылғыларының апатты жағдайы эколог мамандарды алаңдатып отыр.
Жоғарыда көрсетілген экологиялық мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органмен Департамент бірлесе отырып, жұмыстар жүргізуде:
1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Алматы облысының қалдықтарын басқарудың аймақтық жүйесі» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді (әзірлеуші – «ГеоДата Плюс» ЖШС).
2. Алматы қаласының кәріздік тазарту құрылғылары жұмысының бекітілген технологиялық регламентіне және «Сорбұлақ» сарқынды су жинағышын пайдалану ережесіне сәйкес, «Алматы Су» ШЖҚ МКК-ның су бұру департаментінің пайдалану қызметтері күн сайын Жинақтағышта су деңгейін өлшеуді, бөгеттердің жай-күйін тексеруді жүргізеді, жинақтағыштан суды тоқсан сайын химиялық талдауды жүргізеді
3. Құрылған жұмыс тобымен Көктал-Арасан және Жаркент-Арасан ауылдарындағы ұңғымалардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.
Барлық ұңғымалар бойынша дозиметриялық өлшеулер жүргізілді, өлшеу хаттамасы жасалды, координаттарды анықтау бойынша жұмыстар орындалды және ұңғымалардың орналасқан жерінің картасы жасалды. 2019 жылы облыстық бюджеттен ТЭН әзірлеуге – 3,0 млн.теңге бөлінді.
4. «Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы кәріз жүйесін қайта жаңғырту және салу» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық бюджеттен 515 млн. 044 мың теңге бөлінді. «Қарабұлақ кентінің кәріз жүйесін қайта құру және салу» жобасы бойынша құны 13 408,00 мың теңге ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Қапшағай қаласы бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптама алу үшін тапсырылды.
5. Ұңғымалардың координаттары анықталды. Қазіргі уақытта оларды коммуналдық меншікке қайтару немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелеріне беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
6.Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Текелі қаласының қалдық қоймасын қалпына келтіру үшін ЖСҚ әзірледі. Осы жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 600 414,301 мың теңгені құрайды.
2019 жылы экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша 126 тексеру жүргізілді, оның ішінде субъектілер мен объектілерге бару арқылы 55 профилактикалық бақылау, 70 жоспардан тыс тексеру және 1 өзге де тексеру түрлері өткізілген.
Тексеру нәтижелері бойынша табиғатты қорғау заңнамасының 365 заң бұзушылығы анықталып, заң бұзушылықтарды жоюға 290 ұйғарым шығарылған.
Сонымен қоса өткен жылы департамент жалпы сомасы 19 397,8 мың теңгеге 126 әкімшілік айыппұл салған.
Департаментке барлығы 221 өтініш келіп түскен,оның ішінде: - 172 өтініш, 2 шағым, 47 басқада арыз-шағымдар бар.
Барлығы 221 өтініш қаралды, оның ішінде: 54- қанағаттандырылды, 10- бас тартылды, 131- түсіндірілді, 1 өтініш тоқтатылды, 25 өтініш құзіреті бойынша қарау үшін тиісті субъектілерге жіберілген.