Текелі: Өрлеу жолындағы игі істер Жер әсемі Жетісудың қай өңірін алмасақта өзіндік ерекшелігі бар. Көркем табиғаты көздің жауын алатын шаһардың бірі Текелі қаласы. Талдықорған қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан бұл қала күннен күнге көркейіп к
- Толығырақ
- Жарияланды 27.02.2020 10:41
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1164
27.02.2020ж
Жер әсемі Жетісудың қай өңірін алмасақта өзіндік ерекшелігі бар. Көркем табиғаты көздің жауын алатын шаһардың бірі Текелі қаласы. Талдықорған қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан бұл қала күннен күнге көркейіп келеді.
Ал, осы жеткен жетістікті ары қарай ұлғайту үшін қала басшысы Бахтияр Өнербаев бірқатар міндеттерді алға тартып отыр. Бұл туралы « Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
Бахтияр Әлтайұлы өзі басшылық ететін қаланың тұрғындары мен қонақтарының назарына «Текелі қаласының он міндетін» ұсынды. Текелі қалшығын бес саусақтай білетін әкім мырзаның айтуынша, қала ішінде қоғамдық жерлерде, көшеде, аулада құқық бұзуышылықтар орын алады екен. Осыған орай аталған кемшіліктерд жою үшін он нақты міндетті қадап көрсетіп отыр. Олар мынандай:
1. Текелі – қауіпсіз қала!
Мұндағы басты мақсат шаһардағы барлық қылмыс атаулының тамырына балта шабу. Ол үшін жауапты құзырлы органдармен бірлесе отырып кеселдің алдын алу шараларын ұйымдастыру керек.
2. Текелі – танымал қала!
Қандай елді-мекеннің оң имеджін қалыптастыру сол өңірдің тұрғындары мен аталған аймақтан шыққан тау тұлғаларға тікелей байланысты. Сол себепті, Бахтияр Әлтайұлы текелі қаласының тумалары, республикаға танымал өз саласының майталмандарын насихаттау арқылы өңірдің атын шығармақ. Бұдан бөлек, әсем табиғатымен жаныңды баурайтын бұл өлке де Д. Қонаев атындағы әлемдегі ең ұзын көше бар. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы ең биік Бұрқанбұлақ сарқырамасы, 2,5 мың жыл тарихы бар Будда тасы, Қызқұлаған шатқалы, Қора, Шажа, Текелі өзендерін де Текелі аумағынан кездестіруге болады. Бұлда сұлулыққа құмартқан жандардың қызығушылығын тудыртатыны һақ. Және келешекте қаладағы даңқ монументі, қалалық саябақ, қалалық бассейн, ашық аспан астындағы неке сарайы, Текелі-Көктөбе, Қора өзенінің жағалауы, махаббат көпірі сынды бір-бірімен бағыттары ұштасып жатқан 7 көрікті нысандардың жолдарын салу жоспарланған.
3. Текелі- инвестицияға қолайлы қала!
Тау-кен қазба байлықтары мол қалаға инвесторлар тарту қажет. Бұл елдің әл-ауқатының біршама жақсаруына да көмектеседі. Инвесторларды қызықтыру үшін негізгі салым салуға, кәсіп жүргізуге қолайлы жерлерді сайттарға салып жариялау көзделініп отыр. Тау-кен өндірі туралы кеңінен ақпар тараса инвесторлар ағылып келмек.
4. Текелі-туристік қала!
Жоғар Алатауының етегінде орналасқан кеншілер қаласы туристердің тұрақты келетін нысанына айналмақ. Экотуризмді де дамытуға қолайлы аймақ. Текелінің балы да туристерді тартатын құралдың бірі болуы ғажап емес.
5. Текелі – таза әрі жасыл қала!
Суы мөлдір, ауасы таза моно қаланың жайнап тұруы кімгеде болса қуаныш сыйлары анық. Кеңес одағындай тап-таза қалпына қайта алып келуге әбден болады. Ол үшін қала халқы ішкі мәдениетін арттыруы керек. Осы орайда қаланы толық көгілдір отынмен қамту жұмысы да бір ізге салынбақ.
6. Текелі – қайырымды қала!
Әлемді жақсылық пен мейірім құтқарады десек, онда мұқтаж жандарға көмектесу әркімнің парызы. « Көп түкірсе көл» деп тамшыдан теңіз құрап тұрғындар арасындағы аз қамтылған отбасыларға немесе өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтарға қол ұшын созу азаматтық парыз.
7. Текелі-спорттық қала!
«Тәні саудың, жаны сау» осыған сәйкес еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін салауатты өмір салтын ұстанғаны абзал. Бұл ретте қала басшысы «Скандинавиялық» спорт түрін дамытуды қолға алатындығын жеткізді.
8. Текелі – Жастар қаласы!
Бүгінгі күні шаһарда 7 мыңнан аса жас өмір сүреді.Осы қарқыннан таймау үшін жұмыс орындарымен баспананы салып жастардың өздерін дамытып толыққанды қызмет етуіне, елге пайдасын тигізуіне жағдай жасауы басты шарт болып табылады. Бұл да Бахтияр Өнербаевтің ұстанған бағыттарының ішіндегі ең маңыздысы.
9. Текелі – Абайды таныған қала!
Қазақтың бас ақыны, философ, ұлтының руханиятына қалтқысыз еңбек етіп, ұрпағының болашағына шынымен алаңдаушылық танытқан ірі тұлға Абай Құнанбайұлының биыл 175 жылдық мерейтойы екені баршаға мәлім. Ұлы тұлғаны ұлықтау мақсатында Текелі жұртшылығы ақынның шығармаларын жатқа айтудан жарысатын болады.
10. Текелі- арақ-шарапсыз қала!
Ащы су адамды ақылынан алжастырады. Қазіргі таңда қалада 23 мейрамхана мен кафе, 108 азық –түлік сататын дүкен жұмыс істейді. 8 мейрамхана мен 75 дүкеннің ғана жұмысын жалғастыруға лецензиялары бар. Қалғаны заңсыз жұмыс атқаруда. Соған байланысты ел болып бірігіп, жаңсыз спирттік ішімдік сатудың жолына тосқауыл болу қажет. Әсіресе «Өскемендік» ішімдіктерді сатуға тосқауыл қою керек деп айтты қала басшысы Бахтияр Әлтайұлы.
«Өскемендік» деп аталып кеткен бұл ащы суды таратушылардың кім екенін анықтап, нақты ақпарат бергендерге қала басшысы өзінің бір айлық жалақысын сыйақы ретінде тағайындайтынын баспасөз мәслихатында айтты. Бұның барлығы Текелінің тыныс-тіршілігін жақсартудың жолдары болып саналады. Тіршілігі тыныш, берекесі берік өңір ғана өр биікке самғары анық.
Анар САБЫРОВА