«eGov mobile» қосымшасын пайдаланып үлгердіңіз бе? ...

11.03.2020ж

Халыққа қызмет көрсету   орталығының көмегіне күндігіне жүздеген адамдар жүгінеді. Сансыз кезектер, сырғып жатқан сағаттар мұның барлығы бір ғана анықтаманы алуға кеткен уақыт өлшемі. Енді бұл мәселе өз шешімін тапты.

 

«eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасы арқылы есепсіз қағаздарды әп сәтте қолға түсіре аласыз.

Еріктілер жылы аясында облыстың жастары  «eGov mobile»   жүйесін насихаттау, оның қолданушыларының санын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру үстінде.  Алматы облысы, жастарға қызмет көрсету орталығы ХҚО қызметкерлерімен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

Дәлірек айтсақ, аптасына бір рет, әр сейсенбі сайын арнайы мамандармен семинар-тренинг өткізіледі. Халықты ақпаратпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін жастарға қызмет көрсету орталығында  «Egov-сынып» ашылған.  Мұндағы мақсат - Елбасының цифрлы Қазақстан жобасын насихаттау және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру.

Бүгінгі таңда ХҚО-да 634 мемлекеттік қызметтің түрі алынса, электрондық цифрлы қолтаңба арқылы 534, TelegramBot-тан 25, «eGov mobile» ұялы телефон қосымшасынан 68 қажетті қызмет түрін алуға болады.

Сала мамандарының айтуынша, алдағы уақытта барлық мемлекеттік қызметтер электрондық үкіметке көшуі мүмкін. Сондықтан осы бастан жүйені дұрыс пайдаланып, тиімділігін өз пайдалрыңызға жарату абзал.

 Қазіргі кезде қала бойынша «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасына тіркелгендердің саны 6100 құрап отыр. Олар электронды қызметті тұтынуды 60 пайызға үйренген.

 

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Мандатұлының сөзіне құлақ түрсек, Талдықорған қаласынан 200-ге тарта адамға осы қосымшаны қолдануды үйрету жоспарланған. Бұл көрсеткішті облыс көлемінде алып қараса 1000-ға жуық тұрғын қолға алынған жұмыстың нәтижесінде жүйені жетік меңгереді деп күтілуде.

Мобильді үкіметке тіркелу қиындық тудыртпайды. Қосымшаны ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациялау арқылы кәдеңізге жатаруға мүмкіндік мол.

«eGov mobile» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Play Market, AppStore-дан жүктеу қолжетімді.

Мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырмай-ақ қажетті құжатыңызды алуға болатын «eGov mobile» -дің пайдасы көл-көсір.

Анар САБЫРОВА

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840021