Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар
- Толығырақ
- Жарияланды 30.03.2020 08:47
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1214
12.03.2020ж
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну нысанын жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекіліген Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну (бұдан әрі – Мәліметтер) және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын (бұдан әрі – ҮЕҰ дерекқоры) қалыптастырудың бірыңғай талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жасалды және үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) қосымша болып табылатын Нысанды толтыруға бірыңғай талаптарды белгілейді.
Нысан толтырылуға міндетті болып табылатын 6 кестеден тұрады.
Деректер қорына саяси партиялар, кәсіподақтар, діни бірлестіктер мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының 17-бабында[1]. көрсетілген коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда барлық коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдары (оқшау бөлімшелері) енеді.
2. Әдістемелік ұсынымдарда келесі түсініктер қолданылады:
1) Дерекқор – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;
2) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда). Егер Әдістемелік ұсынымдар мәтіні бойынша өзге көзделмесе, үкіметтік емес ұйым деп Қазақстан Республикасы аумағында өзінің қызметін іске асыратын шет елдік немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары (оқшау бөлімшелер) түсіндіріледі;
3) Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;
4) есепті кезең Дерекқорға мәліметтер ұсыну жылының алдындағы күнтізбелік жылы деп түсіндіріледі;
5) мәліметтер –үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы уәкілетті органға Қағидаларға сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың өзі, сондай-ақ жергілікті атқару органдары ұсынатын ақпарат;
6) анық ақпарат – оларды уәкілеттік органға жолдау күніне немесе үкіметтік емес ұйымдары дерекқорының веб-порталында жарияланған күніне шын мәнінде сәйкес келетін және есепті кезеңде жинақталған ақпаратты көрсететін мәліметтер. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді қате деп есептеуге негіз бола алмайды;
7) уақытында ұсынылған мәліметтер – үкіметтік емес ұйымдардың есеп беру кезеңінен кейінгі жылғы 31 наурызға дейін ұсынылған мәліметтері. Ал Қағидалардың 7-тарауында көрсетілген мәліметтер үшін - мәліметтерге тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап 20 жұмыс күні ішіндегі мәліметтер жатады;
8) мәліметтер толықтығы – Қағидаларға 1-қосымшада (кесте нысанында) көзделген барлық кестелердің толтырылуы;
9) жоба - үкіметтік емес ұйымдар және донорлық ұйымдар, тапсырыс беруші немесе грант беруші арасында шартқа сәйкес жүзеге асырылатын ісшаралар мен қызмет жиынтығы;
10) бағдарлама – өзара байланысты жобалар кешені;
11) Мүлік – ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, сондай-ақ жылжымайтын және жылжымалы мүлік түріндегі табиғи нысандағы мүліктер.
2. Дерекқорға мәліметтерді енгізу тәртібі және әдістері
3. Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар қазақ және орыс тілдерінде Қағидаларға 1-қосымша болып табылатын барлық кестелерді толтыру арқылы ұсынады.
4. Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде веб-портал арқылы жұмыс істейді.
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді Уәкілетті органға пошта немесе қолма-қол ұсыну барысында үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен келесі мекенжайға жолдайды: Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, индекс 010000, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді электрондық нұсқада ұсыну үшін infonpo.kz веб-порталы әрекет етеді. Веб-порталда авторизация/тіркелуден өту үшін заңды тұлға атына электрондық-сандық қолтанбаны (ЭСҚ немесе сертификат) алу қажет. ЭСҚ-ны алу үшін сұранымды жақын орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) бөлімінде беруге болады. Мәліметтер заңды тұлға атына немесе оны алмастыратын тұлғаға берілген электрондық-сандық қолтаңбамен расталады.
5. Мәліметтер үкіметтік емес ұйымдармен жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін ұсынылады.
Уәкілетті органға мәліметтерді оны ұсыну күні, оларды ұсыну тәсіліне орай:
1) қолма-қол – уәкілетті органмен қағаз және электрондық нұсқада ұсынылған мәліметтерді қабылдау күні;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – қағаз және электрондық нұсқада ұсынылған мәліметтерді қабылдау туралы пошта операторының белгі қойған күні;
3) веб-портал арқылы электрондық түрде – орталық тораптың немесе нысандарды қабылдау және өңдеу жүйе серверінің қабылдау күні болып табылады.
31 наурыз (қоса алғанда) 24 сағатқа дейін пошта операторына үкіметтік емес ұйымдармен қағаз түрінде ұсынылған мәліметтер пошта операторының қабылдау күні мен уақыты бар тиісті белгі бар болғанда уақытылы ұсынылған деп саналады.
31 наурыз сағат 24-ке дейін уәкілетті органға телекоммуникация желісі арқылы ұсынылған электрондық нысандағы мәліметтер уақытылы ұсынылған деп саналады.
6. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді есептік кезең бойынша және ағымдағы жылы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпаратты көрсете отырып ұсынады.
7. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер) бар үкіметтік емес ұйымдар аталған Қағидалармен бекітілген тәртіпте филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді ұсынады.
8. Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесінің I, II и VII бөлімдерінде көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйым негіздемемен өзгертілген мәліметтерді уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде пошта немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы электрондық түрде олар өзгерген күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде жолдайды.
3. Нысанды толтырудың жалпы талаптары
9. Нысанды үкіметтік емес ұйымдардың басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам) толтырады.
10. Нысанға есептіліктегі деректердің анықтығы және оны уақытылы ұсыну үшін жауапы бірінші басшы (ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам) қол қояды және ұйымның мөрімен немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
11. Нысанның барлық тармақтары (кестелері) толтырылуға міндетті болып табылады. Ақпарат болмаған жағдайда сызық қою керек.
12. Нысанның барлық тармақтары анық немесе баспа әріптермен сөздерді қысқарпай, 12 шрифтан кем емес өлшемде жазылады. Тармақтарды компьютер арқылы (принтер арқылы қағазға шығарып) толтыруға рұқсат етіледі.
4. Нысанның кейбір бөлімдерін/бөлімшелерін толтыру талаптары
13. «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтер» нысанының 1-кестесіндегі «Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер» бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-тармақта ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
2) 2-тармақта мәлімет ұсынатын есепті кезең көрсетіледі. Есепті кезең болып өткен күнтізбелік жыл болып саналады (1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса санағанда).
3) 3-тармақта заңды тұлға құрылған ұйымдастыру-құқықтық нысанын таңдай отырып ұяшықта белгі қою керек.
4) 4-тармақта құрылтай құжаттарына сәйкес үкіметтік емес ұйымның толық атауы көрсетіледі.
5) 5-тармақта жеке тұлғаны куәландыратын құжатқа сәйкес бірінші басшының аты-жөні қысқартуларсыз толтырылады;
6) 6-тармақта заңды тұлға тіркелген аумақ көрсетіледі.Белгіні тек бір ұяшықта қою керек.
7) 7-тармақта заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілген ҮЕҰ-ның заңды мекенжайы белгіленеді (елді мекен, мекенжай);
8) 8-тармақта заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайтадан тіркеу) өтудің нөмірі мен күні көрсетіледі.
14. «Үкіметтік емес ұйымның байланыс деректері» II бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:
1) 9-тармақта электрондық поштаның мекен-жайы латын әріптермен және бос орын қалдырмай көрсетіледі;
2) 10-тармақта елді мекеннің коды көрсетілген телефон нөмірі және мобильді телефон нөмірі жазылады (бөлу белгілері және сызық таңбалары қойылмай көрсетіледі);
3) 11-тармақта сайт мекенжайы бар болған жағдайда көрсетіледі. Сайт мекенжайы латын әріптермен және бос орын қалдырмай жазылуы тиіс.
15. «Қызметкерлер мен еріктілер туралы мәліметтер» III бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:
1) 12-тармақта еңбек шарты жасалған, әлеуметтік демалыста (еңбекақысы сақталмаған, оқу, жүкті болу немесе бала күтімі бойынша, жаңа туылған балаларды асырап алумен, баланың 3 жасқа толғанына дейін оған қарау бойынша еңбекақы сақталмайтын демалыспен байланысты демалыста болған қызметкерлерді қос есептегенде) штаттық қызметкерлердің жалпы саны көрсетіледі.
2) 13-тармақта еріктілердің жалпы саны көрсетіледі. Тармақты өздерінің ұйымдарында еріктілердің есебін жүргізетін (еркін нысанда) немесе жеке тұлға мен үкіметтік емес ұйыммен ақысыз қызмет көрсету туралы қол қойылған шарттары бар үкіметтік емес ұйымдар толтырады.
3) 14-тармақта шетелдік қызметкерлер саны көрсетіледі. Шетелдік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы территориясында үкіметтік емес ұйымның жұмысқа тартуымен еңбек етіп жүрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасы территориясында жұмыс жасауға арнайы рұқсатты талап ететін тұлғалар жатады.
16. «Қызметтің бағыты» IV бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 15-тармақта үкіметтік емес ұйым қызметінің негізгі бағыты көрсетіледі. Кестенің тиісті бір ғана торына белгі қою керек;
2) 16-тармақта ҮЕҰ қызметінің мәні мен мақсаттары (жарғыға сәйкес) көрсетіледі;
3) 17-тармақта мақсатты аудитория/атаулы топ көрсетіледі. Мақсатты топ – бұл үкіметтік емес ұйым азаматтардың мүддесіне қарай өзінің іс-әрекетін бағыттаған белгілі бір тұлғалар тобы.
17. «ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер туралы (сомасы, теңге)» V бөлімінде есептік кезеңдегі кірістердің жалпы сомасы төмендегі әр категория бойынша көрсетіледі:
1) 18-тармақта «Депозиттер бойынша сыйақы» көрсетіледі;
2) 19-тармақта «Гранттар» көрсетіледі;
3) 20-тармақта «Өтеусіз алған мүлік» көрсетіледі;
4) 21-тармақта «Кіру жарналары» көрсетіледі;
5) 22-тармақта «Мүшелік жарналар» көрсетіледі;
6) 23-тармақта «Қайырымдылық көмек» көрсетіледі;
7) 24-тармақта «Демеушілік көмек» көрсетіледі;
8) 25-тармақта «Өтеусіз негізіндегі аударымдар» көрсетіледі;
9) 26-тармақта «Қайырымдылық түрінде алған» көрсетіледі;
10) 27-тармақта «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша алған кіріс» көрсетіледі;
11) 28-тармақта «ҮЕҰ сыйлықақылары» көрсетіледі;
12) 29-тармақта «Басқа да кірістер» көрсетіледі;
13) 30-тармақта «Барлығы» кірістердің барлық сомасы көрсетіледі.
Сома сандармен, қысқартулар сыз және бос орын қалдырмай көрсетіледі (мысал: 2000000 тенге).
Егер жобалар/бағдарламалар шетелдік валютада қаржыландырылған болса, үкіметтік емес ұйым жобаның/бағдарламаның аяқталғанын күніне орай, донорлық ұйымның, тапсырыс берушінің, грант берушінің шартында көрсетілгендей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен валюта бағамына сай нақты бюджеттің жалпы сомасын теңгемен қайта есептеу жүргізеді.
18. «Есепті кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстары (сомасы, теңге)» VI бөлімі мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 31-тармақта коммерциялық емес ұйымдарды ұстауға жаратылған шығындардың сомасы көрсетіледі;
2) 32-тармақта іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жаратылған шығындардың сомасы көрсетіледі;
3) 33-тармақта ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыруға жаратылған шығындардың сомасы көрсетіледі;
4) 34-тармақта сыйақыға төленген шығындардың сомасы көрсетіледі;
5) 35-тармақта қайырымдылық көмекке жаратылған шығындардың сомасы көрсетіледі;
6) 36-тармақта демеушілік көмекке жаратылған шығындардың сомасы көрсетіледі;
7) 37-тармақта өтеусіз негізіндегі аударымдар түрінде шығындардың сомасы көрсетіледі;
8) 38-тармақта кіру жарналары түріндегі шығындардың сомасы көрсетіледі;
9) 39-тармақта мүшелік жарналар түріндегі шығындардың сомасы көрсетіледі;
10) 40-тармақта өтеусіз берілген мүліктің жалпы сомасы көрсетіледі;
11) 41-тармақта қайырымдылық түрінде жаратылған шығындардың сомасы көрсетіледі;
12) 42-тармақта барлық шығыстар сомасы көрсетіледі.
19. VII бөлімді халықаралық және шетелдік ұйымдардың филиалдары немесе өкілдіктері толтырады. Бөлімде келесідей мәліметтер көрсетіледі:
1) 43-тармақта «Есепті кезең бойынша Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті» (егер жобаны және/немесе бағдарлама филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса) көрсетіледі;
2) 44-тармақта «Ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша Қазақстан Республикасында гранттық қаржыландыру бюджеті» (филиал немесе өкілдік тарапынан гранттар Қазақстан Республикасында бөлінген жағдайда және тиісті бекітілген бюджет болған жағдайда) көрсетіледі.
20. Нысанның 2-кестесінде қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар өздерінің Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты мәліметтерді көрсетеді:
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
2) 2-бағанда жарғыға сәйкес ұйымның толық атауы көрсетіледі;
3) 3-бағанда бизнес-сәйкестендіру нөмірі «БСН» көрсетіледі;
4) 4-бағанда мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілген заңды мекенжайы көрсетіледі (келесі формат бойынша: облыс, қала, аудан, көше, үй);
5) 5-бағанда ұйымның бірінші басшысының аты-жөні толық, қысқартуларсыз, тұлғаны куәландыратын құжаттарға сәйкес көрсетіледі;
6) 6-бағанда ұйымның мемлекеттік тіркеуден өту күні көрсетіледі;
7) 7-бағанда ұйымды мемлекеттік тіркеу нөімір көрсетіледі;
8) 8-бағанда «Телефон нөмірі, электрондық пошта, сайт мекенжайы» көрсетіледі.
21. «Есепті кезеңде іске асырылған және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалар туралы» нысанның 3-кестесінде заңды тұлғамен жүзеге асырған немесе үсітіміздегі жылы жүзеге асырып отырған жобалар/бағдарламалар туралы мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
2) 2-бағанда «Жобаның/бағдарламаның атауы» көрсетіледі. Әр жоба/бағдарлама туралы ақпарат бөлек тармақшада көрсетілуі тиіс;
3) 3-бағанда донор ұйымының, тапсырыс берушінің, жобаның/бағдарламаның грант берушісінің бизнес-сәйкестендіру (БСН) нөмірі көрсетіледі;
4) 4-бағанда қаржыландыру көзі (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, шетелдік, коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыру, коммерциялық көздерден алынған қаржыландыру көздері) көрсетіледі;
5) 5-бағанда жобаның бағыты көрсетіледі. Ол үшін 1 кестенің 15 тармағында көрсетілген бағыттардың біреуін таңдау қажет;
6) 6-бағанда жоба/бағдарламаның мақсаты еркін түрде көрсетіледі;
7) 7-бағанда жобаның жүзеге асқан аймағы (облысы) көрсетіледі;
8) 8-бағанда жобаның жалпы бюджеті теңгеде көрсетіледі. Сома сандармен, қысқартуларсыз және бос орын қалдырмай көрсетіледі (мысал: 2000000 тенге).
9) 9-бағанда есепті кезеңде жобаны жүзеге асыру үшін алынған қаржының нақты мөлшері (теңгеде) көрсетіледі;
10) 10, 11-бағандарда жобаны іске асырудың басталу мен аяқталу күні (формат бойынша: кк.аа.жжжж.) көрсетіледі;
11) 12-бағанда жобаны/бағдарламаны қоса орындаушының атауы көрсетіледі;
12) 13-бағанда орындалған жоба/бағдарлама туралы еркін формада жобалардың/бағдарламалардың қорытындысын қысқаша сипаттаумен ақпарат көрсетіледі.
22. Нысанның 4-кестесінде филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің есепті мерзімде іске асырған және ағымдағы жылы іске асырып отырған жобалары/бағдарламалары туралы мәліметтер көрсетіледі. Кестені қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар өздерінің Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты мәліметтерді көрсете отырып, толтырады:
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
2) 2-бағанда жарғыға сәйкес ұйымның толық атауы көрсетіледі;
3) 3-бағанда жобаның/бағдарламаның атауы көрсетіледі;
4) 4-бағанда донорлық ұйымның, тапсырыс берушінің, грант берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі «БСН» көрсетіледі;
5) 5-бағанда қаржыландыру көзі (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, шетелдік, коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыру, коммерциялық көздерден алынған қаржыландыру көздері) көрсетіледі;
6) 6-бағанда жобаның бағыты көрсетіледі. Ол үшін 1 кестенің 15-тармағында көрсетілген бағыттардың біреуін таңдау қажет;
7) 7-бағанда жобаның жүзеге асқан аймағы (облысы) көрсетіледі;
8) 8-бағанда жобаның жалпы бюджеті теңгеде көрсетіледі. Сома сандармен, қысқартуларсыз және бос орын қалдырмай көрсетіледі (мысал: 2000000 тенге).
9) 9-бағанда есепті кезеңде жобаны жүзеге асыру үшін алынған қаржының нақты мөлшері (теңгеде) көрсетіледі;
10) 10, 11-бағандарда жобаны іске асырудың басталу мен аяқталу күні (формат бойынша: кк.аа.жжжж) көрсетіледі;
11) 12-бағанда орындалған жоба/бағдарлама туралы еркін формада жобалардың/бағдарламалардың қорытындысын қысқаша сипаттаумен ақпарат көрсетіледі.
23. Үкіметтік емес ұйымдарды құрған «Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер» нысанның 5-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
2) 2-бағанда «Атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)» көрсетіледі;
3) 3-бағанда жеке немесе заңды тұлға арқылы құрылғандығы туралы ақпарат көрсетіледі. Екеуінің бірін таңдау қажет;
4) 4-бағанда құрылтайшының ЖСН/БСН көрсетіледі.
24. «Ынтымақтастық/серіктестік туралы құжаттар жасасқан ұйымдар/органдар, мемлекет» нысанның 6-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
2) 2-бағанда ынтымақтастық/серіктестік туралы құжаттар жасасқан ұйымдар/органдар, мемлекет атауы көрсетіледі;
3) 3-бағанда ұйымның түрі (мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық ұйым) көрсетіледі;
4) 4-бағанда БСН (немесе орган, шетелдік ұйымдар үшін ұқсастық) көрсетіледі.