Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылғы 31 наурызға дейін ҮЕҰ дерекқорына кезекті есепті кезең өтетінін хабарлайды.
- Толығырақ
- Жарияланды 30.03.2020 08:51
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1085
12.03.2020ж
2018 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынуға тиісті ұйымдардың тізбесі нақтыланған.
Анықтама:«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 бабының 5 тармағына сәйкес:
Жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін және есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды».
Жалпы, ҮЕҰ дерекқоры бойынша барлық ақпарат infonpo.gov.kz интернет-порталында орналастырылған.
ҮЕҰ дерекқорына ұсынылған мәліметтердің уақытылығы, толықтығы және нақтылығы тексеріледі. Ескертулер болған жағдайда мәліметтер ҮЕҰ-ға пысықтау үшін қайтарылады.
2019 жыл бойынша мәліметтер ұсынған және ҮЕҰ дерекқорына енгізілген ҮЕҰ-ның тізімін infonpo.gov.kz порталында өңірлер бойынша көруге болатынын қосымша жеткіземіз (есеп кезеңінде «2019 жылды» және тиісті өңірді таңдау қажет).