42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды
- Толығырақ
- Жарияланды 07.04.2020 08:50
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1136
???? 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды
????Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет.
????Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:
1️⃣ «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу;
3️⃣ Электронды пошта адресін енгізу;
4️⃣ Телефон нөмірін енгізу;
5️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
6️⃣ Өтінішті растау;
7️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️ сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️ сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
????Қызметкер үшін:
1️⃣ «Қызметкер» батырмасын басу;
2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу;
3️⃣ Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
4️⃣ Электронды пошта адресін енгізу;
5️⃣ Телефон нөмірін енгізу;
6️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
7️⃣Өтінішті растау;
8️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.
©️ҚР Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі