Төтенше жағдай кезінде кімдерге айыппұл мен өсімпұл есептелмейді?
- Толығырақ
- Жарияланды 08.04.2020 05:37
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1116
08.04.2020ж
Төтенше жағдайға байланысты осы жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейін қарыз алушыларға жеңілдік беріледі банктер мен микрокредиттік ұйымдардағы қарыз бойынша айыппұл мен өсімпұл мұқтаж адамдарға есептелмейді.
Мәселен, карантинге байланысты жұмысынан айырылғандар, ақысыз еңбек демалысына шыққандар, жалақысы азайып немесе тоқтағандар. Міне, осы санаттағы адамдарға қарыз бойынша айыппұл мен өсімпұлдар есептелмейді. Өздеріңіз байқап отырғандай, дені төтенше жағдай режимімен байланысты. Сонымен қатар, ресми тіркелген жұмыссыздар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен тұрмысы төмен азаматтар да қосымша құжатсыз бұл жеңілдікке іліге алады.
Кредиттік ұйымдар азаматтардың тізімін кредит бюросынан алады.
«Панфилов ауданы әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің бас маманы
А.Айтқурманова