Көксулық ұстаз ТЖ кезінде ашуға берілгені үшін кешірім сұрайды

09.04.2020ж

Көксу ауданы, Мұқыры ауылының тұрғыны Майра Байболатова, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз. Кешегі бір ғана сөзі баршаның көңіліне күдік, әрі қаяу салды.

Майра ханым, әлеуметтік желіде бейне жазба қалдырған. Онда ол жергілікті атқарушы биліктен интернет желісіне қосу мен баспана мәселесін шешіп беруді сұрағанын, атқарушы биліктен жауап жоқ екендігін жеткізген.
Ал, шын мәнісінде, ішкі назын білдірген жанның тұрмыстық жағдайы жақсы. Екі бірдей мекемеде қызмет атқаратын Майра Байболатованың айлық табысы 200 мыңнан асады. Соған қарамастан, бейне жазба арқылы елдің назарын өзіне аудару арқылы көксегеніне жеткісі келген.
Ауданда 4G интернет желісі жұмыс істейді. Сондай-ақ Майра Байболатоваға мектептің меншігінен моноблок берілген. Одан басқа өзінде ноудбук, смартфон бар. Ал, жергілікті атқарушы орган болса, баспанаға қатысты мәселені шешуге көмектесетінін айтып отыр.
Бүгінгі күні, аталған бейне жазба иесі, өзінің қателігін мойындап, халқынан кешірім сұрады. Онысы әлеуметтік желідегі парақшаларда кең тараған

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840394