Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу туралы
- Толығырақ
- Жарияланды 01.05.2020 10:36
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1055
30.04.2020ж
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi
мемлекеттiк комиссия отырысының 2020 жылғы 23 тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылдың 18 сәуіріндегі № 212 «Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шықты.
Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу (бұдан әрі – шығындарды өтеу) Осы Қағидаларда айқындалған санаттағы адамдардың және карантин енгізілген елді мекендерде, аумақта тұратын адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Қағиданың 5 тармағына сәйкес, коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшоты болған кезде төмендегі адамдар санатына төленеді:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларыды тәрбиелеушi отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Коммуналдық қызметтер бойынша қаражатты өтеу үшін тұтынушы 1) толық аты жөнін (жеке куәліктегі), тұрғылықты мекен-жайын, мобильді немесе үй телефон нөмірін, 2) жеке сәйкестендіру нөмірін, 3) әлеуметтік мәртебесін, 4) есепшотының деректерін көрсете отырып, тек электронды түрде (еркін түрде қағазға жазып сканерлеп, немесе фотоға түсіріп,) «Панфилов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекен-жайына, немесе whatsapp + 7 707 780 75 98 нөміріне өтінім білдіреді. Cонымен қатар zhetysu.komek109.kz сайты арқылы өтінім білдіре алады. Толық ақпаратты алу үшін бөлімнің 8 /728-31 / 5-02-14/ телефон нөміріне жұмыс күндері сағат 9.00 - 18.00 (түскі үзіліс 13.00 – 1430) аралығында хабарласуға болады.
Панфилов ауданының
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы
және тұрғын үй инспекциясының бөлімі.