Су - тіршілік көзі

30.04.2020ж

«Панфилов Су құбыры»  аудандық МКК Жаркент қаласын және  ауылдық елді-мекендерді  үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Су тіршілік көзі екені баршаңызға мәлім. Елімізде төтенше жағдай орын алсада кәсіпорын тұтынушыларды тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етуге міндетті Сіздердің көмектеріңіздің арқасында мекеме үздіксіз сапалы ауыз сумен тәулік бойы қамтамасыз етеді деп сендіреміз. Біз барлығымыз біргеміз, деп ауызбіршілік пен ынтымақта жұмыс істесек, бұл күндеріміз артта қалары анық қадірлі ағайын. .

 

  Коронавирус таралуының алдын-алу мақсатында ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ енгізілуіне  байланысты орын алған жағдайды ескере отырып, «Панфилов Су құбыры»  аудандық МКК барлық азаматтарды оқшаулану ережелерін САҚТАУҒА шақырамыз және төмендегіге ерекше көңіл бөліп, бір жағымызға шығып, көмектесулеріңізді өтінеміз. Көрсетілген қызметтің төлем ақысын, әр учаскеге бекітілген бақылаушы  бақылайтын. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мақсатында, қазіргі  төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2020 жылдың 01 сәуірінен бастап бақылаушылардың уақытша қашықтықтан жұмыс жасайтынын  хабарлаймыз. Сол себепті ауыз судың төлем ақысын  ай сайын, өз еріктеріңізбен  кешіктірмей төлеулеріңізді өтінеміз. Төлем ақыны үйде отырып Каспий кз., Homebank, КИВИ  мобильді қосымшасы арқылы, (дүкенге шыққан жағдайда) КИВИ, 24КАССА терминалдары арқылы    жүргізуге болады. Төленетін сомманың нақтысын білу үшін  жұмыс күндері (Дүйсенбі-Жұма) сағат 08.00 ден 17.00 аралығында 5-06-05(жеке тұлғалар үшін); 5-26-75(заңды тұлғалар үшін) телефон номерлеріне хабарласу арқылы анықтауға болады. Осы жағдайларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.   

     Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілейік ағайын.

«Сіздер үйде болыңыздар, біз Сіздер үшін қызмет етеміз»

                                   «Панфилов Су құбыры»  аудандық МКК-ң Әкімшілігі

Күнтізбе

« Шілде 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1173047