Алматы облысында 3352 жұмыс орны құрылды

11.05.2020ж

Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 22,8 мың жұмыс орны құрылатын болады. Бұл туралы «Jetisy Media ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

  Аталған жоба шеңберінде 977 жоба жүзеге аспақ. Бұл ретте, қазынадан 109,2 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Игілікті істің шарапаты жұмыссыз азаматтарға тиеді. Өйткені, алдағы уақытта  1,8 мың тұрақтыжұмыс орны ашылса,   10,5 мың адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылады.

Бүгінгі күні өңірде  20 мобильді рекруттық пункттер құрылып, жұмыс істеуде.

«Қазіргі таңда 294 жоба бойынша 3352 жұмыс орны құрылды. Ал, 1676 адам  жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды.  Соның ішінде  137  жоба бойынша  410 адам  жұмысқа тартылды»,- Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Тоқтарқызы.

 Алматы облысы бойынша 5 бірдей орта білім ордасы құрылысшы мамандығына жастарды баулыйды. Сол жастардың қатарынан 205 бітіруіш түлекті Жұмыспен қамту жол картасы аясында құрылыс жұмыстарын жүргізу және қайта жаңарту жұмыстарына  жұмылдыру жоспарланған.

Бағдарлама 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Әлеуметтік-мәдени саладағы 137 нысанға құрылыс күрделі, ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

115 инженерлік - көліктік инфрақұрылым объектілерінде жолдарды, тротуарларды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының 17 нысаны бойынша сумен жабдықтау жүйесі, электрмен жабдықтау желілері нысандарын күрделі жөндеу, қайта жаңарту және салу жұмыстары жалғасын тауып отыр.

25 жоба бойынша елді мекендерді абаттандыру ісі жүріп жатыр.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840378