2020 ЖЫЛЫ КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА 300-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

17.06.2020ж

Биыл Кербұлақ ауданы бойынша «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 53 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады.

Жобаларды іске асыру барысында 333 жаңа жұмыс орны құрылып, 165 адам аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылады. Бұл ретте 29 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыруға басымдық берілді.

«Қазіргі уақытта, ауданда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында, әлеуметтік-мәдени объектілерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу бойынша жобалар жүзеге асырылады. Осы мақсатта биыл ауданға 2 млрд 620 млн 308 мың теңге қаражат бөлінді»,-деп атап өтті Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Мыржиев.

Атап өтсек, «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы, 8 ауылдық округтің орталық көшелері және 5 ауылдың кірме жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сарыбастау ауылының орта мектебіне күрделі жөндеу жасалады.

35 мектептің дәретханасы ағымдағы жөндеуден өтеді.

Қоғалы ауылдық округіндегі Орталық стадионға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Доланалы, Онжас ауылдарының су жүйесінің құрылысы басталады.

Сарыөзек, Қоғалы және Қарашоқы ауылдарына түнгі жарықтандыру жүргізіледі.

Қоғалыда шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңы салынады және Жастар саябағы мен ҰОС ардагердерлеріне арналған ескерткіш және Кызылжар ауылындағы ҰОС ардагерлерінің ескерткіш тақтасы ағымдағы жөндеуден өтеді.

Еске салсақ, өткен жылы Кербұлақ ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуда жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Алдағы уақытта да, әлеуетті стратегиялық маңызы зор жоспарлар мен жобалар жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, бұл бағдарламаның негізгі шарттары – қызмет көрсетушілердің және пайдаланатын құрылыс материалдарының кем дегенде 90%-ы отандық өндірушілер мен мердігерлерден болуы тиіс, құрылып жатқан жұмыс орындарына жұмыссыз жүрген, әсіресе жұмыссыз жастардың кем дегенде 50%-ы жұмыспен қамту орталықтары арқылы тартылуы тиіс.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840508