АҚПАРАТТЫҚ ҮГІТ-НАСИХАТ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНТАЛҚЫЛАДЫ

22.06.2020ж

Маусым  айының  басындаАлматы облысы әкімі аппаратының ғимаратындаАлматы облысы әкімінің  орынбасары  Б.Байжұманов және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы  облысы  бойынша департамент  басшысының  бірінші  орынбасары  Ж.Жұмабаевтың  қатысуымен «ZOOM»  платформасы  арқылы  онлайн кездесу өткізілді.

Кездесу  білім  беру мекемелерінде  оқу жылының  аяқталуына  байланысты  заңсыз  ақша қаражаттарын жинау тақырыбында өтті. «ZOOM» платформасы арқылы өткізілген кездесуге ауданқала әкімдерімектепке дейін және орта білім беру мекемелерінің директорлары қатысты.
Сондай-ақкездесуге облыстық ақпараттық үгіт-насихат Штабының мүшесі А.Жазықбаев қатысып, осы мәселе бойынша баяндама жасады.

Мектептердегі ақша жинау мәселесі Департаменттің  ерекше назарындаМемлекет мектептің бүкіл қажеттілігіне  жеткілікті  мөлшерде қаражат  бөледіоның  ішінде  жөндеу жұмыстарымен басқа да шаралар бар. Өкінішке орайоқу жыл басталғанда және аяқталғанда мектептегі өткізілетін іс-шараларға ата-аналардан  ақша  жинау мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

"Білім туралы" ҚР Заңының 8-бабына  сәйкес Мемлекет  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  тегін  бастауышнегізгі  орта және жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді.
Жалпықазір Агенттікқылмысты ашу кезіндебелсенді азаматтардың көмегіне де сүйенеді. "Call-орталыққа  әртүрлі шағымдарұсыныстар мен пікірлер түседіОператорлар сыбайлас жемқорлық фактілеріоның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан заң бұзушылықтар жайлысондай-ақ кәсіпкерлік  қызметке  кедергі  келтіру жағдайлары  туралы  хабарламаларға  тәулік  бойы қабылдайды.

Мәселен, тек сәуір – мамыр айларының аралығында Call-орталыққа  облысымыздың  мектептерінде  сыныптарды  жөндеу  жұмыстарымен  мұғалімдерге  сыйлыққа  алу  үшін  мәжбүрлі  түрде  ақша жинау фактілері  бойынша 20 астам хабарлама   түсті.  Барлық шағымдар қаралыптиісті жұмыстар жүргізілді.

Облысымызда балаларды адамгершілікадалдық, ар-ождан және парасаттылыққа  тәрбиелеу  мақсатында  "Адал ұрпақжәне "Саналы ұрпақклубтары құрылған

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында  баламалы  әдістемені  енгізумен және білім берудің жаңа трендтерін ескере отырып, «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің білім саласындағы бағыты бойынша 2020-2021  жылға  арналған жұмыс жоспары құрылыпбекітілді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840495