Гүлің болып егілемін...

23.06.2020ж

Әр халықтың өз Отанын  сүюі заңдылық. Олар өздерінің ұрпақтарын да соған баулып, туған жер мен егемендіктің қадір-қасиетін бағалай білуге үйретеді. Бұл орайда біздің халқымыз «Отан-от-басынан басталады» дейді.

Ол шынымен де солай. Өйткені, ондай үлкен сезімдер адам бойында бала кезінен бастап, алдымен ата-ананың есейе келе оқу оқитын, еңбек ететін ортасының тәрбиесімен қалыптасады ғой. «Менің Қазақстаным»- біздің Гимніміз. Шәмшінің бұл әні баяғыдан бері елдің аузында жүрген. Гимнге өзі сұралып тұрған ән еді. Онда үлкен рухты екпін бар. Ол әнді ауылдағы ойын баласының мүдірмей айтып жүргенін, ойын- тойларда дүйім жұрттың қосыла  шырқағанын мен өз көзіммен талай көргенмін. Мемлекеттік Гимн болып қабылданғаннан кейін екі-үш  күннен соң бір тойда болғанымызда жиналған жұрттың орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, шырқағандарын көргенде қатты тебірендім. Сөз жоқ, Гимн - өз елін қастерлейтін әр адамның жүрек түкпірінде бүркіл қағып, жататын қасиетті әуен. Оның жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудегі рөлі  орасан зор.

Б.Бейсенқызы.

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840475