Жыл басынан 10-нан астам адам судан құтқарылған
- Толығырақ
- Жарияланды 07.07.2020 03:45
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 993
03.07.2020ж
Шомылу маусымы басталғаннан Алматы облысы ТЖД аудандық, қалалық ТЖ бөлімімен, полиция қызметкерлерімен және еріктілермен 445 арнайы рейд жүргізген.
Суға шомылу маусымы кезеңінде ТЖД облыс аумағында жүйелі түрде профилактикалық жұмыс жүргізуде. Іс-шара барысында мамандар су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы жазылған үнқағаздар, плакаттар таратуда. Сонымен қатар, балаларға суда жүзуді, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуде.
"Өткен аптада ТЖД мамандары полиция қызметкерімен бірлесіп 112 тексеру шараларын өткізді. 950 үнқағаз таратылды. Құтқарушылар 2 адамды құтқарды. Жыл басынан ТЖД қызметкерлері 19 адамды аман алып қалды",- дейді Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары Асқар Тойшыбеков