МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА 42500 ТЕҢГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ

17.07.2020ж

Елімізде төтенше жағдай тағайындалған кезде халықтың бірқатар санаттарына 42500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалған болатын. Кейіннен жағдай тұрақталғаннан кейін төлем беру тоқтатылды. Жақында Үкімет шешімімен карантин мерзімі 2 аптаға енгізілген болатын.

Бірақ әлем елдерін дүрліктірген індеттің беті қайтпай, еліміздегі ахуал күрт нашарлады. Індеттен көз жұмғандар саны мен ауылғандар саны көбейді. Осыған орай, Президент үндеу жариялап, карантин мерзімін тамыз айының 2-не дейін ұзартқаны баршамызға белгілі.

                Елдегі жағдайдың тұрақсыздығы салдарынан көптеген мекемелер дің жұмыстары тоқтап, азаматтардың басым көпшілігі жұмыссыз қалды. Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарға шілде айына 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалатынын мәлімдеген болатын.

                Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов аталған төлемді беру тәртібін толыққанды түсіндіріп берді. Оның айтуынша, осы жолы жалдамалы жұмысшылар үшін 42500 теңгеге өтінішті тек жұмыс берушісі бере алатынды. Сондай-ақ «Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың өткен жолы 42 500 теңгені алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасағаны жеткілікті. Сол кездегі мәліметтер базада бар. Азаматтардың жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысып жүргенін немесе зейнетақы, жәрдемақы алып жүргенін өзіміз жүйе арқылы тексере аламыз»,-деген министр осы жолы әлеуметтік төлем алу үшін жиынтық төлем төлеудің қажеті жоқ екендігін атап өтті.

42 500 теңге кімдерге төленеді?

                Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезіндегі қағидатпен тағайындалады. Яғни, төлем карантин кезінде табысынан айырылған азаматтарға беріледі:

                -Жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

-              Орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

                -Жеке кәсіпкерлер;

                -Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

                -Карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері;

                -Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдар.

                Кімдер өтініш бере алады?

                -жалдамалы жұмысшыларын еңбек демалысына жіберген жұмыс берушілер;

                -карантин кезінде жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар.

                Әлеуметтік төлемге өтініш беру жолдары:

                -42500.enbek.kz порталы;

                -Egov.kz электронды үкімет порталы;

                -Telegram-боттар (өзін-өзі жұмыспен қамтитын жеке тұлғалар үшін).

                Бұл порталдар бүгіннен бастап іске қосылатын болады.Міне осылайша төлем беру тәртібін толыққанды түсіндіріп өткен минстрлік халыққа үлкен өтініш білдірді. Атап өтсек, бір адамның атынан бірнеше рет немесе әр сайттан жеке-жеке өтініш бергенді қою керек. Өйткені, мұндай өтініштер жұмыс жасау тәртібіне айтарлықтай ауырлық түсіреді екен. Сондай-ақ студентке студент болғаны үшін әлеуметтік төлем беру қарастырылмаған. Алайда, егер студент жұмыс істеп жүріп, бірақ карантинге байланысты жұмысы тоқтаса ғана жәрдемақы алуға құқылы болмақ. Ал бала күтімімен демалысқа шыққан әйелдер болса, төлем алу туралы ойламаса да болады. Себеп, олардың бала күтіміне алып отырған жәрдемақылары бар.

                42500 теңге әлеуметтік төлемін тағайындау жұмыстары дүйсенбі күннен бастап, яғни 20 шілдеден басталады. 42 500 теңге әлеуметтік төлемінің операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры белгіленді.

А.ХАМЕТЖАНОВА 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839906