Облыста 3708 адамға зейнетақы мен жәрдемақы тағайындалған
- Толығырақ
- Жарияланды 14.08.2020 09:04
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 943
14.08.2020ж
Төтенше жағдай кезеңіне байланысты еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша депатмаенті арқылы зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау жұмыстары жүргізілген.
Дәл осы бағытта аталған уәкілетті органмен 50 741 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша депатмаенті арқылы Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2020 жылғы 25 наурызындағы № 109, 17 сәуіріндегі № 139 «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтарымен көрсетуге тиісті мемлекеттік қызметтер бекітілген. Олар:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
3) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;
4) көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
5) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
6) жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау;
7) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау;
8) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, «Электронды үкімет» веб-порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы жолданған өтініш негізінде жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезеңінде қолданылу мерзімі өткен көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ескерілді.
Бұл ретте, аталған төлемдерді тағайындау төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзімде немесе төтенше жағдай уақытында тағайындау негіздері туындаған күннен бастап жүзеге асырылды.
Алматы облысы бойынша интернет-ресурсы арқылы электронды өтініш негізінде 3 708 азаматтарға әр-түрлі мемлекеттік жәрдемақылар және зейнетақы төлемдері тағайындалды.
Карантин шараларына байланысты, карантин кезінде мүгедектік мерзімі аяқталуына жақындаған 3 848 азаматтардың мүгедектік мерзімі автоматты түрде 3 айға, яғни қазан айына дейін ұзартылып төленуде.