Отан отбасынан басталады

21.08.2020ж

Саясаттағы  әйелдер десек,  бірден аузымызға халықаралық дәрежедегі мойындалған әрі баспасөзде  жиі айтылатын Ангела Меркель, Тереза  Мей, Юлия Тимошенко сияқты тұлғалар түседі.  Бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап әлем елдерінде 120-дан  астам әйел президент, премьер-министр,  генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды қызметтерді атқарған.

 

Бүгінде 20 адам астам әйел ең жоғары билік тізгініне қол жеткізген. Еліміздегі жағдайға тоқталсақ, айтсақ, бүгінде Мәжілісте - 27, сенатта - 6 әйел депутат болса, Үкіметте екі министр мен облыстық дәрежеде бір әкім бар. Әдетте баспасөзде саясат пен бизнестегі ең ықпалды қыз-келіншектер қатарына Тамара Дүйсенова, Гүлшара Әбдіхалықова, Күләш Шәмшиденова, Үміт Шаяхметова, Гүлжан Карагусова және тағы басқалар кіреді. Десе де алдағы уақытта мәжіліс пен мәслихат қатары қыз-келіншектердің жаңа есімдерімен толығуы мүмкін. Сарапшылар праймериз арқылы билікке көпбалалы аналар өкілдері келсе, осы күнге дейін қордаланған мәселелерді шешудің даңғыл жолы ашылар еді деген пікірде.
Соңғы уақытта шетелдік «праймериз» сөзі елімізде жиі-жиі айтылып, құлаққа сіңіп жатыр. «NurOtan» партиясының партияішілік іріктеу бастамасымен, әсіресе жастар мен әйелдер қауымы ерекше ықыласын білдіруде. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар ұйымдарының белсенділері праймеризге қатысуға ниетті. Оған себеп - кандидаттардың 30 пайызы әйелдерден, 20 пайызы жастардан құралуы тиіс деген заңмен бекітілген, квотамен айшықталған бастама.
Бүгінгі таңда атарушы билік те, бизнес те аз да болса әйелдер қауымы позициясының орны бөлек. Біріншіден, ананың мүддесі – отбасының мүддесінен, ал отбасының мүддесі Отанның мүддесімен тікелей байланысты. Оның кәсібі, жолдасының жұмысы алға жылжыса, отбасы мен қоғамның берекесі де сол болмақ.
«Отан отбасынан басталады» деп тектен-текке айтпаған. Отанның кіндігі отбасында жатыр. Ал отбасы - кішкентай отанының мүддесі әйел үшін аса маңызды.
Саяси карьерасын оңтүстік әкімдіктен бастап Парламент Мәжілісінің депутатына дейін көтерілген қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы праймериздің әйелдер үшін үлкен мүмкіндік екенін алға тартады.
Жалпы, әйелдердің сөзі, ұстанымы әсіресе әлеуметтік мәселелер көтеріліп, тиісті заң қабылданар кезде аса қажет, көпбалалы аналар да мәселелерін шешу үшін қоғамдық ұйым құрып, өз деңгейінде көтере білсе құба-құп.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4847660