Ұйғыр ауданында 17 жеке кәсіпкерге жер телімі берілген
- Толығырақ
- Жарияланды 26.08.2020 11:16
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 915
26.08.2020ж
Ұйғыр аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы тікелей эфирде есеп берді. Негізінде аудан бойынша 875752 га оның ішінде 22861 га суармалы егістік, 3289 га көп жылдық екпе (оның ішінде 2638 га бақ, 651 га жүзімдік) 1063 га тыңайған жер, 21475 га шабындық, 473826 га жайылымдық, 353238 га басқадай жерлер болып бекітілген.
Бүгінде жер телімін сұрап келушілердің қарасы көбеймесе азаймақ емес. Жыл басынан аудандық жер учаскелерін беру жөніндегі 19 комиссия отырысы болып 370 құжаттар қаралып, оның ішінде 80 жер учаскелерін беру жөніндегі қаулы шығаруға және шешім қабылдауға аудан әкімдігі мен ауыл әкіміне құжаттар ұсынылған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 01 тамыздағы №726 қаулысының талаптарына сәйкес, 123 жеке тұлғаға тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдері берілді, 167 жеке тұлға тұрғын үй мен өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алаңдарының дайын болмауына байланысты жалпы тізімдегі кезек номерімен арнайы есепке қойылған.
«Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 17 жеке кәсіпкерлерге әртүрлі құрылыс орындарын салу үшін ақылы түрде жер учаскелерін жеке меншік құқығымен беру туралы 17 келісім шарт жасалынды»,- дейді аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Юлдашжан Миталипов.
Ағымдағы жылдың басынан ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлерге 2 рет конкурс өткізіліп 92 жер пайдаланушыға барлығы 801,01 га оның ішінде 348,01 га суармалы егістік, 15 га шабындық, 438 га жайылымдық (оның ішінде 71,9 га суландырылған жайылымдық) жерлер аудан тұрғындарына табыс етілген.
Бөлімде 6 ай ішінде 1103 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде:
1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» туралы көрсетілетін қызмет бойынша 713 қызмет;
2. "Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу" туралы көрсетілетін қызмет бойынша 17 қызмет;
3. "Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу" туралы көрсетілетін қызмет бойынша 373 қызмет;
Соңғы 6 айында жер мәселелеріне байланысты 800 өтініштер мен хаттар келіп түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан 69, заңды тұлғалардан 1 өтініштер және мекемелерден 730 қатынас қағаздары тіркеліп, олардың барлығына қажетті жауаптар мен анықтамалар жазылып берілді. Ал бөлім тарапынан мекемелер мен жеке тұлғалардың атына 783 хаттар ресімделініп жіберілді.