Алматы облысы бойынша 483 375,8 мың теңге негізгі берешек сомасы өтелген
- Толығырақ
- Жарияланды 27.08.2020 11:07
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 925
27.08.2020ж
Өңірдегі қарызы бар азаматтар салықтық рақымшылықты пайдалана алмаған. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
2019 жылғы 31 желтоқсанда жеке тұлғалар үшін олар негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жасау аяқталды.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртіппен салықтық рақымшылық жасау жөніндегі іс-шараларды қабылдауы туралы тапсырма берді.
Осыған орай, барлық Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салықтық рақымшылыққа жататын жеке тұлғалардың тізімін ақпараттық жүйелерден алып есептен шығару бойынша комисиялар құру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Комиссия шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Түгендеу жұмыстары 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жүргізілген.
«2020 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңіндегі мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасын толық көлемде төлеген, салық төлеушілер, 2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, осындай салық төлеушілерді анықтаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім шығарады»,- дейді Жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Асхат Әбілмажінов.
Салықтық рақымшылық – жеке тұлғаларға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жеке нотариустар, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиаторлар қызметін жүзеге асырумен байланысты емес, салықтық міндеттемелері бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғаға, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаларға қатысты.
Былтырғы алғашқы болжам бойынша Алматы облысы бойынша негізгі берешек сомасы – 1 462 210,5 мың теңге төленгенде, 88 919 жеке тұлға 506 754,8 мың теңге өсімпұл сомасы салықтық рақымшылыққа жататын. Алайда ол мүмкіндікті тек 49 379 салық төлеуші қолданды. Демек былтыр 49 379 салық төлеуші 483 375,8 мың теңге негізгі берешекті төлеп, 196 202 676 теңге өсімпұл сомасын есептен шығарды.
2020 жылдың 21-шы тамызына салықтық рақымшылықты 268 394 салық толеуші пайдалана алады, негізгі берешек соммасы 4 280 841,0 мың теңге төленсе өсімпұл сомасы 511 463,6 мың теңге кешірілуі мүмкін деп күтілуде.