Халыққа тегін құқықтық кеңес беру
- Толығырақ
- Жарияланды 03.09.2020 11:19
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 957
03.09.2020ж
"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында бүгін Алакөл ауданы әкімі аппаратының Заң және мемлекеттік құқықтың бөлімшесінің басшысы Равза Омарбековамен тікелей эфирде баспасөз-мәслихаты өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы.
Жалпы аудан бойынша «Жетысу Адалдық алаңы» жобасы аясында Халыққа тегін құқықтық кеңес беру жөнінде еліміздің барлық өңірлерінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында аудандағы «НұрОтан» партиясының ғимаратында, барлық мемлекеттік басшыларымен, адвокаттармен нотариустар, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Халық заңгері» атты акциясы өткізілген.
Аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімшесі Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі мәніне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Қолданыста 19 Нормативттік құқықтық акті бар.
Осы кезеңге дейін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралған әр түрлі мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың 900-ге жуық хаттары мен өтініштері қаралған.