Балқаш ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған

05.09.2020ж

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының» І бағыты бойынша ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 20 адамға жолдама беріліп, оның 20-сы оқуды аяқтады.

 

Бұл туралы  «Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры тікелей эфир де өткен баспасөз-мәслихатында  баяндады.

Бағдарламаның 2 бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша         21 азаматқа жолдама беріліп олар 91,5млн.теңге көлемінде шағын несие алған.Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған  мемлекеттік грант 27 адамға берілген.

 «Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 29 адамға, жастар практикасына 22 адамға, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 702 адамға жолдама берілген»,-деп түйіндеді  Сағи Алмазұлы.

Осы тектес жұмыстар алдағы уақытта Балқаш ауданында  жалғасын таппақ. 

Күнтізбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4618112