Ақсу ауданында 519 адам тұрғын үй кезегінде тұр

05.09.2020ж

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат қашанда маңызды. Бүгінгі күні халықты қажетті мәліметпен құлақдандыру үшін мекеме басшылары тікелей эфирде ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізуде.

 Кезекті тікелей байланыс Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өтті.

Аталған мекеменің құзіретіне:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру"

"Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру"

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмсету жатады.

Қызметтер көрсету электронды, қағаз жүзінде және тегін көрсетіледі.

Негізі бөлімде ең көп көрсетілетін қызмет тұрғын үй кезегі болып тұр. Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешудің әр түрлі жолдары бар: сатып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, қызметтік тұрғын үй алу, соңыра сатып алумен жалға алынған пәтерді алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің бірінші бастамасында «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» туралы және  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсіміндегі сөзінде негізгі 10 бағыттың 5 – ші бағытында тұрғын үй мәселесін шешу үшін түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айырықша назар аударатынын, алдымызда біріңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндетінің тұрғанын және Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайтынын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың соңында, тұрғын үй кезегі толықтай электронды түрде көрсетілетін болды.

 2020 жылы қаңтар айынан бастап тұрғын үйге кезекке қою тәртібі nur-baspana.gov.kz электронды базасы арқылы жүргізілуде.

 

 «2019 жылдың соңында  тұрғын үй кезегіне 839 адам тұрды. Солардың ішінен 10 отбасы тұрғын  үй кезегі бойынша жаңадан салынған жалдамалы тұрғын үймен қамтамассыз етілді.

Аудан бойынша 57 көп балалы отбасыларына «Нұрлы жер» бағдарламасымен жалдамалы тұрғын үй берілді»-дейді «Ақсу аудандық ТҮКШ және ТҮИ бөлімі» ММ –сінің басшысы ІлиясМұсабаланов.

Өткен жылдан бері  ипотекалық үй алуға болатын «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүргізіліп келеді. Аудан бойынша 2019 жылы  30 отбасы жолдама алған. Соның ішінде 17 отбасының өтініші мақұлданып, 16 отбасы Талдықорған қаласынан, 1 отбасы Жансүгіров ауылынан  тұрғын үйге қол жеткізген.

Дәл осы бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы 20 отбасына жолдама берілген. 11 отбасының жолдамасы мақұлданып, 9-отбасы Талдықорған қаласынан тұрғын үйдің кілтін қолдарына алған .

«Қазіргі кезде тұрғын үй кезегінде 519 адам тұр. Жыл басынан кезекке тұруға 174 тұрғыннан электронды  өтініш түскен, олардың 106-сы кезекке қойылған, ал 68 адамға кезекке қоюдан бас тартылды»,-деп қорытындылады Ілияс Мұсабаланов.

Айта кету керек, 2019 жылы кезекке тұрған 18 адам жаңа электронды базаға ілінбей қалғаны анықталды. Ол бойынша базаны жасағандарға және бағдарламалық жасақтап отырған мекемеге хат жолданған. Жауабына қарай жұмыстар өз жалғасын таппақ.

 

 

 

 

 

Күнтізбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4617990