Айдынды Алакөлде заттай көлем индексі 117,9 пайызды құрады
- Толығырақ
- Жарияланды 10.09.2020 05:21
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 959
09.09.2020ж
"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясындағы бүгінгі баспасөз - мәслихаты Алакөл аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дәулет Базенұлымен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы.
Алакөл ауданында бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Бизнестің жол картасы -2025», «Индустриялық-инновациялық даму», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2019 ж», «Қарапайым заттар экономикасы » бағдармалары жүзеге асырылуда.
Бөлім басшысы Д.Жуандықовтың айтуынша, аудан экономикасына 20 млрд. 210,2 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, 2019 жылдың сәйкес мерзімінен 3 млрд. 355,2 млн. теңгеге немесе 120 пайызға өскен. Заттай көлем индексі 117,9 пайызды құрады.
Жылдық жоспар 59,4 пайызға орындалған.
Ауданда бағаларды тұрақтандыру және бақылау мақсатында аудан әкімдігі тарапынан құрылған арнайы мониторингтік топ апта сайын базарлар мен үлкен сауда орталықтарында баға мониторингін, шаруашылық жүргізуші нысандар және жеке сатушылармен жұмыстар жүргізуде.
«Әлеуметтік дүкен» және «Айдын» дүкендері арқылы картоп пен көкөністерді және әлеуметтік дүкендерге қант – 40 тонна, сұйытылған май - 2 тонна, күріш – 2 тонна, облыстық тұрақтандыру қорынан жеткізілді.
"Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында дүкен және наубайхана басшыларымен 10 %-дан, нан бағасын 5 %-дан асырмауы туралы 129 меморандум жасалған.
Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасы тұрақты. Биылғы жылы ауданда 4 әлеуметтік дүкен, 10 әлеуметтік бұрыш жұмыс жасауда" — дейді Даулет Базенұлы.
Алакөл ауданының экономикалық тұрғыдан дамуына тірек болып отырған салалардың бірі – туризм. Сондықтан да аталған салаға деген бақылау күн тәртібінен түскен емес.
Биылғы шомылу мауысымында Алакөл жағалауында 798 462 турист демалған. Оларға 4 млрд. 790 млн. теңгенің қызметі көрсетілген.
Осы ретте карантин режимі кезінде көл жағалауындағы санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы мониторинг топтары жұмыс атқарды.
Жетісудың жақұты Алакөлдің абыройын көтеріп, демалушылар санын арттыру үшін өңірде ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Соның нәтижесінде көл жағалауындағы нысандар саны бүгінде 262-ге жетті.
Туристердің негізгі ағыны автобуспен келіп жатқанын ескере отырып, «Талдықорған-Өскемен» және «Үшарал-Достық» күре жолын қалпына келтіру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, «Алматы-Жетіген-Достық» теміржолы мен «Үшарал» әуежайында «Астана-Үшарал-Астана», «Алматы-Үшарал-Алматы» (аптасына жеті күн, SCAT әуе компаниясы), «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» («Жетісу» әуе компаниясы) әуе рейстері қызмет көрсетті.
Сонымен бірге, Алакөл жағалауы бойынша Көктұмада 3 шақырым, Ақшиде 10 шақырым көл жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге мердігер «СпецСтрой» серіктестігі жұмысшылар лагерін орналастырып, көл жағалауына баратын жол құрылысын салуда. Нысанда 15 адам және 11 техника жұмыс атқаруда.