Білім саласында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы бойынша қызмет алушылар саны артуда
- Толығырақ
- Жарияланды 15.09.2020 03:36
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 991
14.09.2020ж
2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы арқылы 2063 қызмет көрсетілген. Бұл туралы Кербұлақ аудандық білім бөлімінің басшысы Досалбаев Ермек Сарқытбайұлы бүгінгі «QYZMET LIVE» жобасы аясында өткен баспасөз-мәлихатында хабарлады.
Сонымен қатар, Ермек Досалбаев білім саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен бірлесе, яғни мектеп, балабақшалармен бірге көрсетілетін қызметтер тізбесін атап өтті.
2018 жылы бастау алған «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары жұмысы жанданып, 2019 жылы барлық мектептерде 100 пайыз бұрыштар құрылып, жұмысын жүргізуде. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы бойынша, 2019 жылы 612 қызмет алушыға 1302 қызмет көрсетілген.
«2019 жылы білім бөлімі аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімімен бірлесіп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында 2 оқыту-семинары өткізіліп, 52 мектептің жауапты мамандарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің заңдылықтарын, стандарттарын, жүргізілу тәртібі, жинақталатын құжаттар тізімі түсіндірілді. 2019 жылы білім бөлімінен жалпы саны 5550 қызмет көрсетілді», - деп атап өтті аудандық білім бөлімінің басшысы Ермек Досалбаев.