Алакөл ауданында инженерлік инфрақұрылым объектілері қалыпқа келтірілуде

24.09.2020ж

Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округінде   «Жұмыспен қамту жол қартасы -2020» бағдарламасының бірінші бағыты «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша ауыл округінде 3 жоба және 1 сметалық жұмыстар іске асырылуда.

 

Игіліктің істің аясында ауылдағы көп қабатты үлердің ауласына 3 балалар ойын алаңы, 3 ересектерге арналған спорттық және тұрмыста қажетті құрылғылар орнатылған.  Одан өзге «Ауыл Ел Бесігі» инвестициялық жобасы да жандануда.

Мәселен, инженерлік инфрақұрылым объектілері қалыпқа келтірілуде. Оған дәлел, Заготзерно поселкесінде орналасқан орталықтандырылған су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Көлік инфрақұрылымы да назардан тыс қалмаған. Округте орналасқан елді мекендердегі он көшеге орта жөндеу жұмыстарын  жүргізу және Бұлақты  ауылының  көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату және ауыстыру жоспарлануда.

Ауылдың әлеуетін арттырудан бөлек, тұрғындардың цифрлық сауттылығын арттыруда жолға қойылған. Бүгінде электорнды цифорлы қолтаңбаның дәуірі жүріп тұрғаны мәлім. Осы ретте ауылда ЭЦҚ кілтін және осы қолтаңба арқылы алынатын анықтамалар мен  барлық мемлекеттік  көрсетілетін қызметтерге, оларды қалай алу туралы қысқаша ақпарат беріліп отыр. «Нәтижелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының арқасында ХҚКО-на келішілердің саны 3-4 есеге азайған»,- дейді Бескөл ауылдық округінің әкімі Нұрлан Бейсембаев.

         

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839872