Текелі қаласында 202 нысанға арнайы рейд жүргізілді
- Толығырақ
- Жарияланды 30.09.2020 11:01
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 913
30.09.2020ж
Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы «Тіл және ономастика» жұмысшы тобымен қаладағы халыққа қызмет көрсететін орындардағы яғни 8 дәмхана, 123 дүкен, 7 шаштараз, 6 дәріхана, 58 мекеме, кәсіпорындарға жалпы саны 202 нысандағы көрнекі ақпарат тілдерін зерделеу үшін 6 рейд жүргізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media» .
Қалада ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен диагностикалық тестілеу өтті. Аталған шараға 50 қызметкер қатысқан.
Сонымен қатар, «Ұлт тарихындағы маңызды бетбұрыс», «Қанекей, жаңа әліпбиді үйренейік» тақырыптарында дөңгелек үстел, «Ел ертеңі үшін қажетті қадам» тақырыбында тапқырлар сайысы, «Латын қарпіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты жастармен кездесу, «Жырдың сұлу шебері» тақырыбында латын қарпінде эссе жазу байқауы, «Латын қарпі: біріктірудің мықты бағыты» тақырыбында онлайн пікір алмасу, «Латын - қазақ тілінің болашағы» атты онлайн сұхбат және т.б., барлығы – 25 шара ұйымдастырылып, өткізілді.