Алматы облысында 2 111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылған
- Толығырақ
- Жарияланды 02.10.2020 07:50
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 903
02.10.2020ж
Бүгінгі күні халыққа мемлекеттік қызметтің 694 түрі көрсетіледі. Оның ішінде 608-і электрондық қызметке жатады. Алматы облысында мемлекеттік қызметтің 383 түрі көрсетіледі, оның ішінде 333 электронды қызметке жатады.
Ресми деректерге сүйентін болсақ, 2020 жылдың І жартыжылдығында Алматы облысы бойынша мемлекеттік органдар 3 860 250 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Қағаз түрінде-240 321, электронды түрде- 2 996 951, Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 412 349 қызмет халыққа ұсынылған.
Ал, облыс орталығы Талдықорғанда қызмет көрсетушілер Мемлекеттік қызметтің 86 түрін көрсетеді, оның ішінде электрондық түрде 70, қағаз түрінде – 16 –ны құрайды.
2020 жылдың І жартыжылдығында Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік органдар барлығы - 28 206 оның ішінде қағаз түрінде – 367 электронды түрде - 19 386 Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 6 388 қызмет көрсеткен.
Облыс бойынша 2 111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды, 251 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ауылдық әкімдік ғимараттарында орналасқан, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында бұрыштар арқылы 185 209 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сондай-ақ, "Egov Жаршысы" жобасы аясында облыс тұрғындары үшін 400-ден астам волонтер тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу бойынша түсіндіру акцияларын өткізеді, Талдықорған қаласы бойынша 8 волонтер түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ат салысқан.
«Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау үшін облыс бойынша 12 сервистік әкімдік ашылды ағымдағы жылдың соңына дейін 8 сервистік әкімдік ашу жоспарлануда, ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша "сервистік әкімдіктер" арқылы 30 014 Мемлекеттік қызмет, оның ішінде "OpenTaldyqorgan" арқылы - 13 036 (43%) қызмет көрсетілді»,- дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы- Жеңіс Андабеков.
Айта кету керек, электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін 435 мемлекеттік қызмет түріне ЭЦП, ЭЦҚ кілт арқылы қол жеткізе алады.
Анар САБЫРОВА