Ұйғыр аудаанында 19 тұрғын үй апатты деп танылған
- Толығырақ
- Жарияланды 02.10.2020 08:03
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 986
02.10.2020ж
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен, басталған «QYZMET LIVE» жобасы аясында Ұйғыр ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серикы Дунгешовпен онлайн баспасөз-мәслихаты өткізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media».
Ұйғыр аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жыл басынан бері азаматтардан 22 өтініш тіркеліп, бөлім тарапынан барлығы 198 тұрғын үй мен 10 өндірістік орындарға қабылдау актісі тіркелген. 19 апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлерге бұзу актілері беріліп, мемлекеттік қызметтер регламенті бойынша 262 сәулеттік-жобалау тапсырмасы қарастырылған.
«Мекен-жай тіркелімі бағдарламасына тіркету үшін аудандық халыққа қызмет көрсету мекемесі арқылы жаңадан алған жер телімін және жаңадан салған үйін тіркетіп анықтама алу үшін 40 өтініш келіп түсіп толығымен қанағаттандырылып бағдарламаға енгізілді»,-дейді Серик Оқасұлы.