Жемқорлық - жегі құрт

16.10.2020ж

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қауіпті кесел болып саналады. Дамушы елдер сияқты, біздің елде де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» күрес туралы заң қабылданған еді. Осы жегідей жейтін құртқа қарсы күрес, біздің елде де азая бастады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бәсекеге қабілетті еліміздің, мемлекетіміздің беделіне зор әсер етері сөзсіз.

 

                Біздің Пенжім ауылының әкімшілігі де, бұл дерттің еліміздің дамуына кері әсер ететіні, әсіресе мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мамандарға өз істеріне өте жауапкершілікпен, ыждахаттықпен өз істеріне адал болуына өздерінің беделдеріне нұқсан келетіндіктерін білуі қажет. Осы орайда  өзім Пенжім ауылдық округінің бас маманы ретінде бірнеше рет баяндама оқып,  дөңгелек үстел, басшылармен бірлесіп, іс-шараларды мерзімінен бұрын әзірлеп, жұмыстар өткіздім.

                Жастар арасында  «Сыбайлас жемқорлыққа жастар көзқарасы» атты тақырыпта онлайн кездесулер өткізілді. Бүгінгі күнде Пенжім ауылдық округі әкімшілігінде «Жетісу адалдық алаңы» бұрышы ашылып халыққа қызмет көрсетуде. Егов бұрышы арқылы  округ тұрғындарына электронды қызмет көрсетіледі.

                Ауыл тұрғындарына осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, барлық адамдардың сот, заң алдында құқылы екендіктерін түсіндірдім. Жиналыстар өткізіп, бірнеше рет видео роликтер көрсеттім.

                Сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылыққа байланысты, Қазақстан Республикасының 1998 жылы 2-ші шілдесіндегі заңға байланысты іс-әрекет, тәртіптер туралы түсініктер берілді.

                Сыбайлас жемқорлыққа біздің қоғамда орын жоқ деп білемін. Жас ұрпақтың бойына жас кезінен бастап, әділдікке жақсылыққа үйретуіміз керек. Мектепте, үйде, қоғамдық орындарда, балаларды жастарды әдептілікке баулуымыз керек. Болашақ жастардікі. Сыбайлас жемқорлық індеті - жегідей жейтін құрт екенін біліп,  бәріміз бірігіп, күресуіміз керек.

Совет Омашбеков ,

Пенжім ауылдық округінің

 бас маманы.

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1421492