Адам саудасы - ауыр қылмыс

16.10.2020ж

Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес саласында қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау жүйесі арасында өзара іс-қимыл жасаудың тетігі жасалады.

 

                Адамдар құлдыққа әртүрлі жолмен түседі. Көп жағдайда жастарды «айлығы жақсы, тұруға барлық жағдай жасалған, некеге тұруға немесе жоғары білім алуға мүмкіндігің бар» деген ұсыныстармен еліктіреді. Әдетте, мұндай қауіпке 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, 18-25 жас аралығындағы жастар, 30 жасқа дейінгі жас әйелдер ұрынады. Мәжбүрлі еңбек, қарыздық құлдық, балалар еңбегін пайдалану, «үй жағдайындағы» құлдық, қайыршылық, қару-жарақ құрылымдарында адамдарды күштеп пайдалану, органдары мен тіндерін трансплатациялау үшін адам сату – осының барлығы бір қылмыстың жантүршігерлік формалары.            

                Адам саудасының барлық түріне құрбандарды бас бостандығынан заңсыз айыру, зорлық-зомбылық  пен қорқыту тән. Мемлекеттік құрылымдардың  қоғамдық ұйымдармен ұлттық деңгейдегі ынтымақтастығы, халықаралық ықпалдастығы аталған  қылмыс түрімен нәтижелі күресудің  кепілі болмақ.

         Осы    мақсатта   соңғы   жылдары Ішкі істер министрлігінің қылмыстық полиция комитеті мен көші-қон саласындағы жетекші  үкіметаралық ұйымның бірлескен қызметі жандана бастады. Бүгінде IIM мен халықаралық көші-қон ұйымы адам саудасының құрбандары мен зардап шеккендеріне көмек көрсету мәселерін шешуде тығыз  ынтымақтастықты орнатқан. Сондай-ақ, халықаралық көші-қон ұйымы адам  саудасымен күресуде құқық қорғау органдардың, прокуратура және сот қызметкерлерін арнайы оқытуға үлкен үлес қосып келеді.          Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу үшін  адам саудасымен күресті насихаттап, адамгершіліксіз   көріністің жасалуына жол бермеу қажет.

С.СҰлтанов,

ауданаралық

 Әділет басқармасының

 инспекторы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839834