Еңбек құқықтарын қорғауға еңбек шарты кепілдік береді
- Толығырақ
- Жарияланды 16.10.2020 04:18
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 976
16.10.2020ж
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жұмысқа орналасу кезінде жұмыс беруші Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен қызметкерлермен еңбек шартын жасасуға міндетті. Еңбек шарты жұмысшымен келісім.
Осы келісімге сәйкес қызметкер белгілі бір еңбек шартында жұмыс істеуге міндетті, ал жұмыс беруші қызметкерге шарттық жұмыс беруге, уақытылы толық жалақы төлеуге және тиісті жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Жұмыс беруші ҚР Әкімшілік құқық бұқзушылық туралы кодексінің 86-бабына сәйкес еңбек шартын жасаспаған жағдайда, ол белгіленген тәртіппен жауапты болады. Қазіргі уақытта электрондық еңбек шарттарын енгізу жұмыс берушінің міндеті болып табылады (23-бап 2-тармақ, ҚР Еңбек кодексінің 27-сі). Нәтижесінде еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді және еңбек шарттарын жасасу кезінде қағаз құжаттардан бас тартуға мүмкіндік береді. 2018 жылғы шілдеден бастап Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен ірі компаниялардың базасында электрондық еңбек шарттарын (бұдан әрі – E-hr) есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу жүргізіледі. Ақпараттық жүйеде жұмыс берушілер қызметкерлермен жасалған еңбек шарттары, оларға енгізілетін өзгерістер туралы, сондай-ақ олар тоқтатылған кезде ақпарат жіберетін болады.
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізуден күтілетін нәтиже:
-жұмыс беруші үшін бұл кадрлық іс жүргізуді оңайлату және оңтайландыру, еңбек өтілін, қызметкердің біліктілігін, жұмыс орнын растау рәсімін оңайлату;
-деректердің сақталуы, бұл жұмыс берушіге қызметкердің еңбек қызметі, еңбек өтілі және біліктілігі туралы шынайы деректерді алуға мүмкіндік береді;
-қызметкер үшін бұл, ең алдымен, жұмысқа орналасу және еңбек шартын жасасу кезінде шығындарды азайту, әсіресе жұмыс қашықтықтан жүзеге асырылатын кезде қазіргі заманғы жұмыспен қамту нысандарына қатысты;
-e-hr арқылы мемлекет еңбек ресурстарының босатылуын болжауға және оларды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік алады.
Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу мәселелері бойынша «Панфилов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не хабарласуларыңызға болады.
Жұмыс берушілер ҚР еңбек заңнамасын жалақыны уақытылы төлемеу, заңсыз жұмыстан босату, өндірістегі жазатайым оқиғаларды уақытылы тергеп-тексеру және т.б. заңнаманы бұзған жағдайда, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 48 мекенжайындағы «Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» ММ-не, не 8(728)24-48-96 телефондары бойынша, электрондық пошта арқылы хабарласуға қеңес береміз This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Е.Қасқарауов,
Алматы облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы.