Лепсі ауылдық округінде 144 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі
- Толығырақ
- Жарияланды 16.10.2020 04:33
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 971
16.10.2020ж
«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Лепсі ауылдық округінің әкімі Самат Копчикбаевпен өткізілді, — деп хабарлайды Jetisy media ақпараттық алаңы.
Округте өткен 2020 жылдың 9 айы бойынша барлық негізгі бағыттар бойынша экономикалық өсу қарқыны сақталған.
Биылғы жылдың 9 айында округ әкімінің атына жеке және заңды тұлғалардан 24 жазбаша өтініш түсіп, қанағаттандырылған.
Тұрғындарға барлығы 144 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
«Округ халқы негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Жалпы округте 52 шаруа қожалығы, 1 ЖШС, 1 наубайхана бар. Осы жылы 2140 га жерге ауылшаруашылық дақылдары себілді. Ал, мал шаруашылығына келсек, округте 1315 бас ірі қара, оның ішінде 852 бас сиыр, 2838 бас қой-ешкі, 421 бас жылқы және 7840 бас құс бар. Қысқы мал азығын дайындау жұмыстары толығымен аяқталды», — дейді Лепсі ауылдық округінің әкімі.
Ағымдағы жылы округте жаңа 9 тұрақты, 25 уақытша жұмыс орындары ашылған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында округке қарасты Байзерек ауылдық негізгі орта мектебінің ішкі дәретханаларына 1млн.600 мың тг қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Көгалдандыру-абаттандыру жұмыстары бойынша ауылда 20 түп қарағай ағаштары отырғызылған. Алдағы уақытта тағы 50 түп отырғызу жоспарлануда.