"Колхозка" деп аталатын құрамында спирт бар сұйықтықтың саудасы қызып тұр

19.10.2020ж

Көлеңкелі бизнестің белең алғаны жасырын емес.  Оңай жолмен қаржы табамын деушілердің қарасы да қалың. Бірақ оған тосқауыл қоюшы құзырлы органдарда қарап отырған жоқ. Бүгінгі күні Алматы облыстық мемлекеттік кірістер депаратменті тұрақты түрде тексеру шараларын өткізіп келеді.

 

Алкоголь, темекі және мұнай өнімдерін заңсыз өндіру ісі өршіп тұрғаны белгілі. Олай айтуымызға негізде жоқ емес. Алматы облысында 5 литрлік пластикалық бөтелкелерде немесе "колхозка" деп аталатын құрамында спирт бар сұйықтықтың саудасы қызып тұр. Бұл туралы әлеуметтік желілерде ақпараттар қаулап жүр.

 Қабылданған бақылау шарасына қарамастан пластикалық құтыға құйылған спиртті сату жағдайына тосқауыл болмаған сыңайлы. Мамандар тұтынушы қауым арзанға жүгіреді. Алайда одан келетін қатерді қаперіне ала бермейді деп дабыл қағуда. Ел экономикасынан бұрын, қарашаның қауқарына нұқсан келтіріп отырған кеселдің тамыры қашан және қалайша кесілмек?.

 Қолдарынан келгенді қонышынан басқандардың ісі дерсіз.  Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Айдын Сауданбековтың айтуынша, тұлғалар ҚР заңын өрескел бұзып,  ұзақ уақыт бойы алкоголь өнімдерін лицензиясыз және құрамында спирт бар сұйықтықты сатуды жүзеге асырған екен.

 Ағымдағы жылдың өткен 10 айында мемлекеттік кірістер органдары 80 тексеру жүргізді, олардың нәтижелері бойынша облыстың барлық аумағында алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымы анықталды, онда заңсыз айналымнан 29 089 литр өнім, оның ішінде 15 172 литр құрамында спирті бар сұйықтық және 13 920 алкоголь өнімі тәркіленген.

Тексеру материалдары сот органдарына қарауға беріліп, барлық салық төлеушілер бойынша 1 млн. 235 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынып, алкоголь өнімі мен құрамында спирті бар сұйықтықты тәркілеу туралы сот қаулылары шығарылған.

Алкоголь өнімінен басқа 10 айда 34,0 мыңнан астам темекі өнімдері және 418 тонна мұнай өнімдері анықталып, айналымнан алынды дейді жауаптылар.

 Жасырын сауданың қызығын көріп жүргендердің сыйқы осындай. Ал, уақытында мемлекетке берешегін өтемей жүргендер туралы сөз басқа. Ресми мәліметтерге сүйенсек,  жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша бастапқы қарыз сомасы 238 786 тұлға бойынша берешек сомасы 4,4 млрд.теңге құрайды. Бүгінгі таңда 116 108 жеке тұлға бойынша 1,7 млрд.теңге өндірілген екен.

 «Қалған 122 678 салық төлеуші бойынша 2,7 млрд.теңге өндіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 2019 жылдың алдынғы жылдарына да төлемеген 21 905 жеке тұлғаның 609,9 млн,тг, қарыздары бар»,- дейді Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Айдын Сауданбеков.

Атап өтетін жағдай, қарызгерлердің ішінде, қымбат, «люкс» категориясындағы көлік иелері бар.

 Жеке тұлға көлік салығын мүлдем төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы қарызды өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарып, мәжбүрлеп орындау үшін сот орындаушыларына жібереді..

Жеке сот орындаушы (ЖСО) борышкерден қарызды өндіруді мәжбүрлеу бойынша келесі шаралар мен әдістерді қарастырады:

  • банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
  • жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті шектеу;
  • саяхаттарға шектеулер;
  • кез келген тіркелу әрекеттерін шектеу және жүзеге асыруды тоқтату;
  • сот арқылы әкімшілік жауапкершілікке тарту; 
  • сот шешімі негізінде 10 тәулікке қамауға алу және т.б.

ЖСО- борышкерден оның қызметі үшін өндіріп алынған қарыз сомасының 25% -на дейін өндіріп алады.

Борышкерлер берешегін уақытылы төлесін деп мемлекет барлық оңтайлы жағдайды жасаған. Мәселен, жеке тұлғалар салықты үйінен шықпай-ақ, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «eSalyq» мобильдік қосымшасындағы «Салық әмиян» арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен «Qiwi Wallet» арқылы төлей алады.

 Естеріңізге саламыз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Премьер-Министрінің 30.04.2018 жылғы № 35-р өкімінің орындалуы бойынша жеке тұлғалардың салықтарын төлеудің бірыңғай шотын енгізу және бюджетпен онлайн төлемдер мен қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың үлесін ұлғайту мақсатында салық төлеушілермен алық әмиянының eSalyq мобильді қосымша әзірленген. 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839839