Жомарт Жандар - жанымызда
- Толығырақ
- Жарияланды 23.10.2020 04:20
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 893
22.10.2020ж
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Мектепке жол» акциясы бұрынғыдай 2 ай ғана емес, жыл бойы жүргізілмек. Осыған орай мұқтаж азаматтар мен қайырымды жандардың арасында көпір болуды көздейтін «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігінің порталында «Мектепке жол» жаңа платформасы іске қосылды. Бұдан былай «Мектепке жол» акциясы 2 ай ғана емес, жыл бойы іске асады.
Нақтылап айтсам, біздің министрлік «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесіп, дәстүрлі көмек көрсету тетігіне қосымша ретінде портал арқылы онлайн түрде көмек көрсету туралы келісімге келдік. Ендігі кезекте демеушілер мен меценаттар atamekenim.kz порталында орналасқан өтінім және тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсете алады», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Аталған акция елімізде дәстүрге айналған. 12 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келуі – соның айғағы.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бастамасы аясында мектебімізде «Жүрегім толы мейірім» атты онлайн қамқорлық акциясы ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылына арналған материалдық көмек аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады. Оқушыларымызға мектепке қажетті заттар, оқу құралдарын сатып алуға кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер мен аймақтың шаруа қожалықтары демеушілік етеді.
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Осы тұста халқымыздың игі дәстүрін ұстанған жомарт жандардың бірі «Нұр-Шапағат-Құрылыс» компаниясының директоры Кереев Қайрат Нұрғабылұлын айтып өтейік. Мектебіміздегі қамқорлықтағы 3 оқушы мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2 отбасының балаларына көмек көрсетті. Әр отбасына 70 000 теңгеден бөліп, қысқы отын-суларын, балаларға қыстық киім, азық-түлік алып берді.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Елімізде Қайрат бауырымыздай жомарт жандар көп болсын. Сізге көп рахмет. Алланың нұры жаусын.
Майра Бералиева,
«Еңбекші орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
ата-аналарының атынан.