Ескелді ауданында 20-дан астам көше жөндеуден өтуде

23.10.2020ж

Ала жаздай шаңы шығып, көктем келе балшыққа толатын жолдар енді келмеске кетті. «Ауыл – ел бесігі»  бағдарламасының арқасында қараша қара жолдың азабынан құтылды. Сондай тақтайдай тегіс күйге енгендердің бірі Ескелді ауданының орталығы, Қарабұлақ ауылындағы Н.Алдабергенов атындағы көше.

Кіре берістегі тасжолдың бүгінгі көрінісі басқа. Көлік біткен зымырап жүр.

Жауапкершілікті мойындарына алған бас мердігер «Талдықорған жолдары фирмасы» ЖШС. Жұмыс әуелде 15 маусым күні басталған. Аяқтау уақыты 25 қараша.  Бас көшені мінсіз ету мақсатында қазынадан 475 млн. теңге қарастырылған.

Жолдың ені едәуір ұзарған.  10 метрді құрайды. Көшенің оң қапталынан жаяу жүргіншілер жолы жасалынған. Халықтың қуанышында шек жоқ. Әсіресе жүргізуші қауым дән риза. «Қыздың жиған жүгіндей» болған көше құрылысына жұмыспен қамту орталығы арқылы 15 адам тартылып, 10 шақты техника жұмылдырылған.

Аудан бойынша 18 көше «жұмыспен қамтудың жол картасы», 5-і «Ауыл-ел бесігі бағдарламасы шеңберінде жөндеуден өтіп жатыр. Атқарылған жұмыстар ел игілігіне жарағай деген ниет қана біздегі.

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839879