Күн энергиясынан қуат алатын жарық шамдары бар
- Толығырақ
- Жарияланды 26.10.2020 10:40
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 958
26.10.2020ж
Текелі қаласы Жетісу жеріндегі көрікті шаһар. Күннен-күнге көркейіп келеді. Әсіресе қаладағы жағлау маңы абаттандырылып ерекше күйге енуде.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жасалынып жатқан жұмыстарға жағалауды жарықтандыру ісін жатқызуға болады.
Аталған ауммаққа күн энергиясынан қуаттандырылатын шамдар орнатылған. Ұзын саны 67-і құрайды. Бұл мақсатта қазынадан 20 млн. 776 мың теңге берілген. Барлық құрылыс-монтаждау ісін «Т-Строй-Проект» ЖШС мойындарына алған.
50 сағатқа дейін жұмыс жасауға қауқарлы дейді мамандар. Жаңа технологияның көмегімен жарық беретін шамның бір ерекшелігі алғашында тек 30 пайызға ғана сәуле таратады екен. Ал, маңынан адам өтетін болса екі есе жарық түсіреді.
Жағалау жанын жарықтандыруға 13 адам тартылған. Осылайша «бір оқпен екі қоян алынып», халық жұмыс тауып, өңірге жарық түскен.