Текелі шаһарында 10 көше жөнделуде
- Толығырақ
- Жарияланды 26.10.2020 10:47
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 975
26.10.2020ж
Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы табысты іске асуда. Аймақтағы аудан, қалалардағы бір қатар кешендердің көркі кіріп қалды. Бұл қатарда Текелі қаласы да бар.
Шаһарда 14 жоба аталмыш бағдарлама шеңберінде іске асуда. Оның тең жартысы ел игілігіне берілген. Қалған жетеуін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Барлық нысанның құрылысына бюджеттен 1 млрд. 600 млн. теңге бөлінген.
Соның бірі «Достық» шағын ауданындағы көше құрылысы. « Әл-Фараби, Дружба, Орақты батыр, Жалайыри, Жансүгіров, Кольцевая» сынды 6 көше күрделі жөндеуден өткен.
Бұл мақсатта қазынадан 688 млн. 340 мың теңге қаржы қарастырылған. Бас мердігер «Нұр-Шапағат Құрылыс» ЖШС болып табылады. Жөндеуден өткен жолдың жалпы ұзындығы 6,1 шақырым.
Аталған шаруаны соңына жеткізуге Текелі қаласынан 32 адам жұмылдырылды. Барлығы жұмыспен қамту орталығы арқылы келген.
Айта кету керек, бағдарлама аясында қала бойынша 10 көше жөндеуден өкізіледі.
«Бетоннан арық салынды, қаламыздың көркі кірді. Басшылыққа алғысымыз зор. Барша тұрғындар дән риза. Ендігіде көшеміз тегіс, машинамен жүрсекте кедергі болмайды. Ары қарай жұмыс тоқтамай жалғасын тапсын. Біз үшін бұл үлкен қуаныш», -дейді қала тұрғыны Амангелді Дәрібаев.