Жұмыспен қамтудың жол картасы арқасында Қапшағай біраз әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып жатыр

10.11.2020ж

Бүгін шаһар мемлекеттік бағдарлама сәтімен іске асуда. Мектеп, ойын алаңдары, жол жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Нұрлан Құматаев мәлімдеді. Мәселен, ЖҚЖК мен қаладағы Алтынсарин атындағы мектеп жаңартылуда.

Білім ошағы 1965 жылы салынған. Содан бері еш жөндеу көрмеді.  Нысан 600 орынға лайықталған. Қазір 700оқушы оқып жатыр. Пандемия кезеңінде кезекші сыныптары жасақталып 155 бала әдеттегі форматта білім алуда.

Сондай ақ, жол картасымен қала көшелеріндегі су құбырлары да жаңартылуда. Алматы-Қонаев көшелеріні аралығында құрылыстар басталғар. Жоспар бойынша жыл соңына дейін Қапшағайлықтар үйлеріне су жеткізіліп тіршілік нәрінен тсрықпайтын болады. Жаз кезінде қаладағы  Арна 1,Арна 2 сынды бірнеше шағын аудандарда су тапшылығы байқалатын. Осы мәселені шешу мақсатында қосымша құьыр тартылуда.

Шаһардағы шығыс шағын ауданы да мемлекеттік бағдарлама негізінде күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Құрылысқа 22 адам тартылған, 12 жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Қала тұрғындары келер жылы ыстық суға қол жеткізеді. Қазандықтың көгілдір отынға қосылуы жергілікті халық осы мүмкіндікті сыйламақ.

Қазандықтың жаңартылуына 680 млн теңге бөлінді. Бұл біріншіден шығынды азайтып үнемді болса, екіншіден экологияға зияны аз.  Қазір жұмыстар аяқталуға жақын. Қарашада іске қосамыз деді  қала әкімі.

Ойын алаңдары мен аулалар да назардан тыс қалмаған. Тиісінше нысандар ретке келтірілген.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840288