Ақсу ауданында "ЖҚЖК" бойынша жолдар жөнделуде
- Толығырақ
- Жарияланды 10.11.2020 10:10
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 850
10.11.2020ж
Көкөзек ауылында "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша екі көше жаңартылып жатыр. Жалпы ұзындығы 2 шақырым.
Бүгінгі күні нысанда 13 адам жұмыс істейді. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығынан 6 адам тартылған. Мердігерлердің айтуынша, жұмыстар 80% - ға аяқталып тұр.
Айта кетейік, биыл Жансүгіров ауылынан Ақсу ауданының Суықсай ауылына дейінгі облыстық маңызы бар тас жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны - 510 млн.теңге.
Таулы аймақ болған соң мамандар жол құрылысына арнайы технология қолданып жатыр. Жол төсеміне асфальт емес, құм қиыршық тасты цемент төселуде. Айдынды өлкемен қос аралықты жалғайтын күре жол жөнделсе өңір туризмі қарқын алмақ.
Жалпы, ауданда "Жұмыспен қамтудың жол картасы"бойынша 51 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 43 жоба аяқталды. Соның есебінен 537 жұмыс орны ашылды. Оның 268-і халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жіберілді.